Сабақ мақсаты: Барлық студенттер: Бұқар жыраудың өмір дерегін біледі



Дата16.11.2022
өлшемі3,7 Mb.
#50701
түріСабақ
Байланысты:
Хандық дәуір әдебиеті (копия)


Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау
Сабақ мақсаты:
  • Барлық студенттер: Бұқар жыраудың өмір дерегін біледі;
  • Көпшілік студенттер: көркемдік ерекшелігін талдай алады;
  • Кейбір студенттер: өлеңдердің мағынасын аша отырып, өз пікірін жеткізе алады.

  • Тілдік мақсаттар:
    Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: толғау, жырау, тілек, көркемдегіш құралдар.
    Құндылықтарға баулу: Тарихи тұлғаларды құрметтеп, шығармашылығын есте сақтау.
    Тақырып бойынша алдыңғы білім: Үмбетей жырау

Flippity.net онлайн қосымшасы арқылы бөліну
https://www.google.com/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=&cad=rja&uact=8&ved=2ahUKEwij7p64m5r7AhUM6CoKHUprA7QQFnoECBEQAQ&url=https%3A%2F%2Fwww.flippity.net%2F&usg=AOvVaw1GCC6rg8vdh_h01XIKuCzs
Топқа бөлу:
1-тапсырма:
«Әдебиет шеңбері» әдісі арқылы Бұқар жыраудың толғауларын өлең құрылысына қарай талдаңдар. Жырау қолданған сөз айшықтары мен мағынасын ашыңдар.
1-топ: «Тілек»
2-топ: «Ей, Абылай»
3- топ: «Жиырма деген жасыңыз»

«Тілек»

«Ай, Абылай, Абылай»

«Жиырма деген жасыңыз»

Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа. Үшінші тілек тілеңіз: Үшкілсіз көйлек кимеске. Төртінші тілек тілеңіз: Төрде төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз: Бес уақытты бес намаз Біреуі қаза қалмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз: Алпыс басты ақ орда, Ардақтаған аяулың. Күнінде ертең біреуге Тегіннен тегін олжа болмасқа…

Ай, Абылай, Абылай! Қатын алма қарадан, Қара тумас сарадан. Қатын алсаң қарадан, Алды кетпес баладан, Арты кетпес жаладан. Қатын алма төреден, Қатын алсаң төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды. Төре берер ұл туса, - Аузы кетпес парадан. Мал жинасаң, қойдан жи, Майы кетпес шарадан. Ит жинасаң, сырттан жи, Қойды бермес қорадан. Аталыдан би қойсаң, Адаспас жол мен жорадан. Атасыздан би қойсаң, Босанбас аузы парадан…

Жиырма деген жасыңыз Ағып жатқан бұлақтай, Отыз деген жасыңыз Жарға ойнаған лақтай. Қырық деген жасыңыз Ерттеп қойған құр аттай. Елу деген жасыңыз О да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы - мұңлы күн екен, Сексен деген жасыңыз Қараңғы тұман түн екен, Тоқсан деген жасында Ажалдан басқа жоқ екен.

2-тапсырма:

Сұрақтар

Өз пікірім

1.Жырау неге Абылай ханға толғау арнады?

2.Толғауда Абылай ханның қандай қасиеттері көрінеді?

«Екі жақты күнделік» әдісі
3-тапсырма
Егер Бұқар жырау бүгінгі XXI ғасырда өмір сүрсе, қандай тілек айтар еді деп ойлайсыңдар?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет