Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет10/64
Дата20.09.2023
өлшемі216,16 Kb.
#109118
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы.- Алматы;РБК, 2000. -419б.
2. Каундыкова Р.К. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы. Оқу құралы. –Түркістан, 2003.
3. Дуйсенбин Қ.Д.Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. –Алматы, 2001. -217б.
4. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Екінші басылым. –Алматы, 2004.
5. Безруких М.М., Сонькин В.Д., Фарбер Д.А. Хрестоматия по возрастной физиологии. –М.: «Академия», 2002. -288с.
6. Обреимова Н.И., Петрухин А.С. Основы анатомии, физиологии и гигиены детей и подростков. –М.: Академия, 2000. -376б.
7. Жұмабаев С. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы . Алматы, 1996ж.
8. М.Т.Матюшонок, Г.Г.Турик, А.А.Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы. Мектеп. 1986. –Б. 285.
3 Дәріс тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы (1 сағат)
Сабақ мақсаты: студенттерге жүйке жүйесінің ағзадағы маңызын түсіндіріп, мәлімет беру
Сабақ жоспары:
1. Жүйке клеткасы – нейрон, оның құрылымы және функциясы. Синапс.
2. Рефлекс – нерв әрекетінің негізгі қызметі.
3. Қозу және тежелу процестерінің жас ерекшеліктеріне байланыстығы.
4. Жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми, аралық ми, мишық, үлкен ми сыңарлары.
5. Вегетативті нерв жүйесі.



  1. Жүйке жүйесінің маңызы.

Жүйке жүйесі әр түрлі органдардың, жүйелердің және біртұтас организімнің қызметін реттейді. Мәселен: бұлшықеттердің жиырылуы, бездерден секреттің бөлінуі, жүрек жұмысы басқа организмде болып жататын өзгерістер жүйке жүйесінің әсеріне байланысты. Жүйке жүйесі әртүрлі органдардың, жүйемлер арасындағы байланысты жүзеге асырады. Ол организмнің бір тұтастығын сақтап, барлық органдар, барлық жүйелер жұмыстарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді. Әрбір органның, жүйенің жұмысы әртүрлі жағдайлардың әсерінен өзгеріп, интенсивті жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Жүйке жүйесі арқылы организм мен сыртқы ортаның арасындағы байланыс жүзеге асады. Организм сыртқы ортаның әсерінен пайда болған тітіркену сезім органдары мен жүйке жүйесі арқылы қабылданады. Тітіркенуге жауап ретінде әртүрлі органдардың қызметі өзгереді. Организм сыртқы ортаға бейімделеді немесе И.П.Павлов айтқандай организм сыртқы орта жағдайына теңеседі. Мысалы: сыртқы орта ауа температурасы жоғарылағанда қанның теріге баруы күшейіп, тердің бөлінуі көбейеді де соның нәтижесінде организмді қыздырып жіберуден сақтайды.
Адам жүйке жүйесінің жоғары бөлімі- ми сыңарлары немесе қыртысы болып есептеледі, оның қызметінің арқасында адамда ойлау мен психика бар, ол өз мінез- құлқын реттей алады. Адам миы- ойлаудың материалдың негізі. И.П.Павлов адамдардың психологиялық әрекеттерінің негізіне ми қыртыстарында болып жатқан физиологиялық процестер жатады деп айтқан.
Жүйке жүйесінің құрылысы: Жүйке жүйесіне жұлын, ми және жүйкелер жатады. Жұлын мен ми жүйке жүйесінің орталық бөлімін құрайды немесе орталық жүйке жүйесі деп атайды. Мидан 12 жұп жүйкелер, жұлыннан 31 жұп жүйкелер таралады. Бұлар әртүрлі органдар мен ұлпаларға тарамдалып жалғасады. Барлық жүйке жүйесімен олардың тармақтары перифериялық жүйке жүйесін құрайды. Екеуі де бір функционалдық жағынан бір жүйе болып есептеледі.
Ми мен жұлын сұр және ақ заттардан тұрады. Сұр зат жүйке жасушалары, ал ақ зат жүйке талшықтары. Үлкен ми сыңарларының бетін қаптап жатқан сұр зат қабаты- ми қыртыстары. Мидың әрбір бөлімінде шоғырланып жатқан жүйке клеткалары болады. Олар ядролар деп аталады. Шоғырланған жүйке клеткалары мидан тыс бөлімдерде және жұлында кездеседі. Ондай шоғырлар жүйке түйіндері деп аталады. Жүйке жүйесінің негізгі құрылымы бөлігі, яғни сыртқы және ішкі ортада жасалатын тітіркенулерді қабылдауға және пайда болған импульстерді орталықа немесе жұмыс мүшелеріне өткізуге қабілетті, жоғары дифференциялы клеткалар мен олардың өскіндерін - жүйке клеткалары немесе нейрон деп айтамыз. Нейронда дене және өсінділер болады. Нейроннан денесінен қабықщаны, цитоплазманы және ядроны айырады. Нейрон денелері көбіне жұлын мен мидың сұр затында орналасады. Жүйке клеткасы мембранамен қапталған. Өсінділердің бірі ұзын болып келеді. Олар аксондар деп аталады. Ал қысқа, тармақталғандары - дендрит деп аталады. Аксондар қозу импульстерін орталық бөлімнен жұмыс органдарына немесе керісінше өткізеді. Дендриттер көптеген тармақтарға таралған, бұлар басқа нейрондардан келетін сигналдарды қабылдап, аксондарға қарай өткізеді. Сонда дендриттер импульстерді басқа нейрондардан қабылдап аксондар өткізіп отырады.
Нейрондар орталыққа тепкіш (афферентті), орталықтан тепкіш (эфферентті) және жалғасы (контакт) болып бөлінеді. Афферентті нейрондар импульстерді рецепторлардан жеке органдардан орталық жүйке жүйесіне қарай өткізеді. Эфферентті нейрондар импульстерді орталық жүйке жүйесінен жұмыс органдарына қарай кері өткізеді. Контакт нейрондар өте ұсақ болып келеді де, афферентті және эфферентті нейрондардың арасындағы байланысты жүзеге асырады. Орталық жүйке жүйесінің нейрондары өзара синапстар арқылы байланыс жасайды. Жүйке клеткалары арқылы ақпараттардың берілуі нейронның негізгі қызметі импульстерді қабылдау, оларды өңдеу немесе жұмыс органдарына (еттерге, бездерге) жеткізу.
Синапс – жүйке жүйесінің ең сезімтал құрылымы. Синапс арқылы әрі қоздырғыштық, әрі тежегіштік әсер етуі мүмкін. Синапстар зақымданған жағдайда жүйке клеткалары бірі- бірінен және жұмыс органдарынан бөлініп кетеді. Қоздырушы нейрондар қоздырғыш медиаторын, ал тежегіш – тежеуіш медиаторын бөледі. Нейрондар арасындағы байланыс қозу импульстерінің көмегімен жүзеге асады.
Тітіркену және тітіркендіргіш. Организмге жарық, дыбыс, әртүрлі иістер тітіркендіргіш әсер етеді. Осындай әсерелерден организмде зат пен энергия алмасуы өзгереді. Организм қызметінің оның органдарының клеткаларының, сыртқы және ішкі орта жағдайларының әсерінен пайда болған өзгерістер биологиялық реакция деп аталады.
Тітіркену – клеткалар мен ұлпалардың, тітіркендіргіштердің әсеріне жауап қайыру белсенділігі. Тітіркендіргіштер – клеткалар мен ұлпалардың, организмнің қызметін өзгертетін факторлар. Физиологиялық мәні жағынан тітіркендіргіштер адекватты және адекватты емес болып бөлінеді.
Адекватты тітіркендіргіштер клеткаларға немесе организмге табиғи жағдайда әсер етеді. М: көз үшін – жарық сәулесі. Адекватты емес тітіркендіргіштер – ол біздің денеміздегі клеткалар мен ұлпалар арнайы бейімделмеген тітіркендіргіштер.
Қоздырғыш және қозу. Барлық тірі ұлпаларда қозғыштық қасит тән, яғни тітіркенген кезде белгілі әрекет байқалады. М: безді ұлпаға қарағанда жүйке мен ет ұлпаларының қозғыштығы жоғары. Тітіркендірудің нәтижесінде қозған ұлпалардың бәрі қызмет жағдайына келеді. Қозу – тітіркендірудің нәтижесінде қозған ұлпалардың бәрі қызмет жағдайына келеді. Қозғыштық – тітіркендіргіштер әсер еткен кездегі тірі органның, ұлпаның қозу жағдайына келу қасиеті.
Жүйке орталықтары- организмнің белгілі бір қызметін реттейтін нейрондардың жиынтығын айтады. Нейрондардың мұндай жиынтығыц орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінде жатады. М: тыныс алуды реттейтін нейрондар жұлында, сопақша мида, аралық мида, және ми қыртыстарында орналасқан. Жүйке орталықтарында қозуды орталық жүйке жүйесінің синапстары арқылы өткізетін бірнеше ерекшелік қасиеттер болады. Нерв орталықтарының бірқатар өзіне тән қасиеттері бар- синапстерде импульстерді өткізумен, пластикалылығымен, импульстерді жинақтаумен аяқталады. ЖО пластикалығы – организмнің тіршілік әрекеті процесінде олардың функциональды қайта құрылуын айтады. М: хирургиялық жолмен бір жүйке діңінің өскініне тіксе, онда соңғысы өледі, бірақ тігілген орталық өскін сол жолмен өседі. Өлген жүйке иннервациялаған мүшеде ол жаңа ұштар түзеді.ЖО пластикалылығында үлкен ми сыңарларының қыртысы белсенді роль атқарады, ол нейронның жаңа жолы бойымен импульстер жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет