3. Зерде (ес) оның даму ерекшеліктері, мидың қызметі. Ес дегеніміз – үйрену процесінде қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының мида сақталу қабілеті. Ес өзара байланысты 3 процестен тұрады:
1. есте қалу- сыртқы әсерлерден пайда болған іздердің мида қалыптасуы;
2. есте қалғанды сақтау- қалыптасқан іздердің тұрақтауы;
3. еске түсіру- есте сақталған материалдың мидағы, керісінше өзгеру процесі.
Ес 2 бөлінеді: Қысқа және ұзақ мерзімді. М: бірек 3 біреумен танысады. Көп ұзамай естен шығып кетеді. Егер олар бір- бірімен хат жазысып тұрса, белгілі бір ықылас қалыптасып ес қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімждіге айналады.
Естің физиологиялық мех-не мыналар жатады: нерв импульстері о.н.ж. тұйықталған нерв тізбегінде тоқталып сақталады. Торға түскен нерв имп-рі нервті ұзақ айналып жүреді., Мұндай жағдайды реверберция теориясы дейді.
Естің қалыптасуы мен сақталуы жөнінде қазіргі кезде биохимиялық теория ерекше орын алады. Бұл теория бойынша нейрондарда іздердің ұзақ уақыт сақталуында РНҚ молекуласы үлкен роль атқарады.
Естің даму ерекшеліктері организмдегі даму проц. тығыз байл.
Төменгі класс оқуш-да көрнекі бейнелеу мінез- құлықтың жиі байқалатыны, қабілетінің жоғары болатыны, бірақ сөздік логикалық еске сақтау кемшіліктері де сақталады. Оларда сөзбе- сөз жаттау, мағынасые түсінбей еске сақтауға тырысу жиі кездеседі.
Орта , жоғары мектеп жаст-ғы оқуш-р нақты және абстрактілі материалд-ды бірдеу тең жағдайда естеріне сақтай алады.
Шартты рефлекстердің тежелуі. Тежелу процесі. Ми қыртыстарында болып жататын процестің бірі қозу болса, екіншісішшю тежелу. Осы екі процесс өзара әрекеттесулерінің нәтижесінде организм сыртқы орта жагдайларының әсерлеріне өте нәзік бейімделеді. Тежелу процесінің нетижесшде шартты рефлекстер жақсарып жетіле түседі. Шартты рефлекстердің тежелуін зерттеп, И.П.Павлов оны екі түрге бөлген шартсыз (сыртқы) және шартты (ішкі) тежелу деп. Тежелудің екі түрінің де үлкен педагопшалық маңызы бар екені жөнінде К.Д.Ушинский айтып кеткен. Ол үйреншікті әдет, өзіне қарама-қарсы қасиетіне сай әдетке байланысты жойылып немесе тоқталып отырады деп есептеген.
Шартсыз тежелу. Сыртқы орта өзгерістерінің әсерлеріне рефлекстің толық тоқталуы немесе оның белсенділігінің төмендеуі шартсыз тежелу деп аталады.
Шартты (ішкі) тежелу. Жас жоғарылап, өмір тэжірибесі молайған сайын, жоғары дәрежелі нерв әрекеті, бәрінен бұрын, әрі күрделі, әрі көп түрлі ішкі тежелудің бірте-бірте дамуының нәтижесінде жетіле түседі. Тежелудің бұл түрінің ішкі деп аталуы сондықтан, себебі тежелу реакциясы рефлекторлық доғаның ішінде пайда болады.
Дифференциялық тежелу түрі. Сыртқы орта әсерлеріне анализ беру және біртоға мінез қалыптастыру үшін дифференциялык тежелудің маңызы зор. Ми қыртыстарының бір-бірін ұқсас, екі түрлі тітіркендіргіштерді бірінен-бірін ажырата білу қасиеті дифференцировка немесе ажырату деп аталады.
Дифференциялық тежелудің алғашқы кезде пайда болуы қиындау соғып, содан кейін жаттыға, одан ары қарай тездей және жетіле түседі. Жаңа дифференцияға ауысудан бұрын, алдынғы пайда болғаны берік ту-ракталганы жон. Дифференциялаудын жасалу уакыты балаларда турліше. Дифференциялау неғұрлым қиын болса, оның пайда болуына да ұзақ уақыт керек.
Ми қыртыстарының анализдік және синтездік қызметі. Тітіркенушілерді анализдеу және синтездеу. Ми қыртыстарының негізі бір кызметі ол, организімге келіп тұратын тітіркенулерді анализдеу болып табылады.
Ми қыртыстарының жеке тітіркенулерді анализдеумен қатар, оларды біріктіріп, өзара байланыстыратын қасиет; де бар. Ол синтездеу процесі деп аталады. Ми қыртыстарының, осы синтездеу кабілетінің нәтижесінде тітіркенулер өзара байланыс жасап, бүтін комплекс түрінде қабылданады. Анализ бен синтез бір-бірімен тығыз байланыста және олар ойлау процесі сияқты психикалық әрекеттің физиологиялық негізі болып табылады. Динамикалық стереотип. Сыртқы ортаның тітіркендіргіштері организмге жеке-жеке өз алдына әсер етіп коймай, әдеттегідей бірінен кейін бірі жүйелі және бірізді әсер етеді. Егер сол жүйелі жағдай қайталанса, онда ми қыртыстарының әрекетінде белгілі жүйелік немесе динаминалық стереотип пайда болады.
Динамикалы стереотип дегеніміз шартты рефлекстердің қалыптасып, тұрақталуындағы физиологиялық негіз.
Стереотиптілікті ми қыртыстарындағы уақытша байланысын, қалыптасқан системасы ретінде қарастыруға болады. Оның білім беру процесіне тигізетін әсері үлкен, біріншіден, оқушылардың таным кабілетінің дамуында физиологиялық негіз болып есептеледі.
Стереотиптің пайда болуы - ми қыртыстарының өте күрделі синтездік әрекеті. Тұрақталған стереотивті қолдап отыру - ми қыртыстары үшін ең жеңіл процесс. Жұмыс жағдайында лезде және өзінен өзі автоматты орындалатын әдеттер мен дағдылар ми қыртыстарындағы динамикалық стереотивке байланысты тұрақталған жүйелі шартты рефлекстер.
Балаларға тәрбие және білім беру жұмыстарының бәрі жаңа динамикалық стереотиптерді, жаңа әдеттерді қалыптастыруға бағытталған. Ескі процесті өзгерту, жаңа стереотипті оңай қалыптастыру кезінде білім және тәрбие беру тәсілдері мен әдістеріне күштеу және өрескелдік жасамаудың маңызы зор. Сондай-ақ, окушылармен жұмыс істеу кезінде, баланың саналы және белсенді болу жағдайын ескерген жөн. Егер окушы ұқыптылыққа, тәртіптілікке және денсаулығынының күшті болуына тырысатын болса, онда жаңа стереотиптің» қалыптасуы әр уақытта нәтижелі болады.
Адамда әдеттер әр түрлі қалыптасуы мүмкін. Бірақ, ең негізгі мәселе, ол мақсатқа сай әдеттердің дұрыс пайда болуы. Соның біріне оқушылардың белгілі бір жүйемен қайталанатын күн режимі жатады. Режим барлық физиологиялық системаның қажетті жұмыс ырғағын қолдайды. Жұмыс режимі дұрыс сақталса, энергия өте аз жұмсалады. Оқушылардың жұмыс күнін осылай мақсатқа сай ұйымдастыру өсіпкеле жатқан организмнің қалыпты дамуы үшін және педагогикалық міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. К.Д.Ушинский былай деп жазған: «тәрбие баланың уақытын дәлме-дәл бөлуді талап етеді, өйткені қатал жұмыс режимі адамның нерв жүйесінің қалыпты болуына бірден-бір себеп болады». Оқушы режимді мектепте де және үйде де сақтай білгені дұрыс. Мұғалім режимді дұрыс сақтаудың және оны бұзудың қандай салдары бар екендігін түсіндіргені жөн. Оқушылардан талап ету негізі шарт.
Сигналдық системалар. Организмге көру, есту және басқа да рецепторлар арқылы сыртқы ортадан әр түрлі нақтылы тітіркендіргіштер әсерін тигізеді. Ми қыртыстарының сыртқы орта тітіркенулеріне организмнің жауап реакциясы ретінде сигналға айналдырып отыру қызметін И.П.Павлов шындықтың бірінші сигналды системасы деп атаған. Бұл барлык жануарларға және адамдарға да тән.
Еңбек әрекеті адамның ойлау процесінің пайда болуына, оның дамуына әсер етіп, адамда арнайы сөз сигналдарының жаңа түрін қалыптастырады. Ондай жаңа әрекетті И.П.Павлов шындықтың екінші сигналды системасы деп атаған.
Адамда екі сигналды системаның болуы оның бейімделу жағдайына кең мүмкіндік туғызады. И.П.Павлов «адам ең алдымен, шындықты бірінші сигналды система арқылы қабылдап, ал содан кейін екінші сигналды система арқылы -шындықтың иесі болады» деп жазған.
Эмоция (сезім әрекеті). Эмоция тіршілік ету жағдайына байланысты организмге, рецепторларға және мида орналасқан анализаторлар біліміне сыртқы органың белгілі тітіркендіргіштерінің әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Эмоция кезінде байқалатын физиологиялық процестерге тән қасиет ми рефлекстері болып табылады. Сезім әрекеті болып есептелетін адамның өзіне меншікті түйсіктеріне және көңіл-күйіне баға беру ми қыртыстарының қызметі болып табылады. Сондықтан ми қыртыстары, әсіресе, ми сыңарларының маңдай бөлімі зақымдалса, адамның сезім әрекеттері бұзылады.
Эмоцияның сыртқы көрінісіне жататындар: адамның бет әлпетінің езгеруі (мимика), көзден жас шығу, дыбыс реакциялары, скелет еттерінің жиырылуы немесе босаңсуы, беттің қызаруы немесе бозаруы, беттен тер шығу т.б. Эмоцияның ішкі көрінісіне жататындар: ішкі организмдер жағдайының өзгеруі, жүрек жұмысы ырғағының өзгеруі, қан тамырларының таралуы немесе кеңеюі.
Жағымды эмоция тіршілік процесін күшейтеді тыныс алу тереңдей түседі, тамырдың соғуы қалыпқа келеді, бетке қан жүре бастайды, шаршау байқалмайды. Жағымды эмоцияның сырт көрінісі жымыңдау және күлкі түрінде байқалады. Жағымсыз эмоция адамның денсаулығына әсерін тигізеді және көңіл-күйін төмендетеді: әлсіз, алаңғасар, селқос, басына қайғы түссе бүкшиіп және көңілсіз болып қалады. Жағымсыз эмоцияның кенет байқалуы - ауыр хал. Балалардың эмоциясы тұрақсыз. Мидағы жоғары бөлімнің бақылаудағы әлсіздігінің нәтижесінде бала тез арада жылап, тез күлуі мүмкін. Төменгі класс оқушыларының шаршаған кезде жылайтыны, қуанған кезде күліп айқайлап қолын бұлғауы. Жас өскен сайын эмоцияның көрініс ұстамды келеді.