2. Шартты және шартсыз рефлекстер. Организмдердің сыртқы және ішкі тітіркенуге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартты және шартсыз деп екі топқа бөлінеді.
Шартсыз рефлекстер- организмнің осы түрінің өкілдеріне тән, іштен туа пайда болған, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, көз қарашығы, тізе, сіңір және басқа рефлекстер. 18 апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекс қатарына жатады.
Шартты рефлекстер- бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілетін немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады.Егер ұрпақтан- ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлар тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін.
Шартты рефлекстердің түзілуі: И.П.Павлов жүргізген көптеген тәжірибелер экстерорецепторлардан немесе интерорецепторлардан афферентті талшықтар арқылы келетін импульстер шартты рефлекстерді қалыптастыру негізін құрайды. Олардың түзілуі үшін : - индифферентті (келешектегі шартты) тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі тиіс(қорғану қимыл рефлексі үшін ең аз уақыт айырмашылығы 0,1 сек тең). – шартты тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз тітіркендіргіштің әсер етуімен ұштасуы тиіс, яғни шартты тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Әсер етуші шартты тітірк. әрқашан ми қыртысының тиісті аймағында әлсіз қозу ошағын туғызады. Шартты рефлекстің жасалу механизміне шартты және шартсыз тітіркенд- ді қабылдайтын мидағы орталық- ң арасындағы уақытша нерв байланыстары жатады. М: итке эл. жарығына сілекей бөлу шартты рефлексін жасап көрейік. Осы процес-те ми ошақ- да 2 түрлі қозу пайда болады: Қыртыстың көру аймағында, Тамақтану орталығында
Тамақтану орталығында қозу күштірек болып, көру аймағында қозуды өзіне тартып алады. Сонымен жарық тіт-не жаңа ш.р. түзіледі.
Ми сыңарларында уақытша байланыстың күшеюі 7-16 жас арасында байқалады. Уақытша байланыстың қызметі 30-35 жас кейін әлсірей бастайды. Адамдардың жеке бастарының тәжірибесі оқу мен тәрбие нәтижесінде қалыптасады.
Тәрбиенің мақсаты- балалардың ақыл- ойын дамыту, оның даму белсенділігі іс- әрекеттің нәтижесінде байқалады. И.Павлов «оқыту, тәрбиелеу және тәртіпке келтіруді физиологиялық тұрғыдан алғанда шартты рефлекстердің мән- сағынасы»