2.Гипофиз, эпифиз, ұйқы, қалқанша, қалқансерік, бүйрек үсті бездері.
Гипофиз (төменгі ми қосалқысы)- салмағы 0,5-0,7г. 3 бөліктен алдыңғы, аралық, артқы тұрады. Гипофизде қанға, жұлын сұйықтығына бөлінетін көптеген әртүрлі гормондар жасалады.
Гипофиздің алдыңғы бөлімі өсіп- жетілуіне әсер ететін –өсу гормонын жасайды. Өсіп- жетілу кезінде гормонның жеткіліксіз түзілуі бой өсуін тежеп, гипофиздік нанизм (ергежейлік), ал өсу гормоны көп бөлінсе-гигантизм (алыптық) әкеледі. Егер организмнің өсіп, қалыптасуы аяқталған болса, онда дене бөліктерінің пропорционалдығы бұзылады: аяқ-қол, мұрын ұзарады, ерін мен жақ қалыңдайды- акромегалия ауруы пайда болады. пролактин (8-10 жастан бастап түзіледі) гормоны- сүттің бөлінуін жасайды.
Гипофиздің аралық безі- меланфорлық гормон бөледі- клеткаларда пигменттің бөлінуі, екі қабат әйелдерде қанда мөлшерінің артуынан бет терісінің пигменттер шығуы.
Гипофиздің артқы бөлімі вазопрессин (еттерді жиырады, қан қысымын арттырады) және окситоцин (жатырдың босану кезінде қатысады) 2 гормонын бөледі.
Эпифиз (томпақша без; жоғары ми қосалқысы)- ортаңғы ми аймағында орналасқан. Салмағы 0,2г. Ол 4 жасқа дейін дамиды, одан соң кері даму- инволюция процесі байқалады. Эпифиз мезгілінен ерте жыныстық жетілуді тежеп, зат алмасуының кейбір түрлер мен организмдегі көптеген процестерге әсер етеді.
Эпифиздің қызметі бұзылуынан эпифиздік синдром пайда болады. алғашында ОНЖ бұзылуы, бас ауруы, айналу байқалады, сосын эндокриндік без қызметінің бұзылуы байқалады. Гипофункциясы кезінде ерте жыныстық жетілу, ұлдарда жыныс мүшесі үлкейеді, қосымша жыныстық белгілер жетіледі. Емдеу қиын болады
Қалқанша без көмейдің алдында орналасқан. Формасы көбелек тәрізді өзара жалғасқан 2 бөліктен тұрады. Бұл безге көптеген қан тамырлары мен нервтер жанасып жатады. 1 сағат ішінде осы без арқылы 5-6литр қан ағып өтеді. Гормоны тироксин. Ол зат алмасу реттеуге қатысады.
Қалқанша бездің құрылысы мен массасы адамның жасына байланысты. мысалы: дүниеге жаңа келген нәрестенің қалқанша безінің массасы 1 г. аспайды. 7 жаста -6,5г. 11-15 жаста -15г, 16-20 жаста – 23г, ересек адамдарда-25-35г. жетеді.
Қалқанша бездің қызмет дәрежесі де жас кезеңдеріне байланысты. ол 5-7 жастағы балалар мен 13-15 жастағы жас өспірімдерде ең жоғары дәрежеде. Жыныстық жетілу кезінде қыз балалардың қалқанша безі едәуір үлкейеді. Бұл гипофиз бен жыныс бездері қызметінің күшеюіне байланысты уақытша құбылыс.
10-15 жастағы балаларда бездердің жедел өсуі ата-аналар тарапынан зоб (бұғақ) ауруына күдік тудырады. Бірақ жыныстық жетілу аяқталған соң бәрі қалпына келеді.
Организмде тироксин көп болуы –гипертиреоз- қозғыштықты, тітіркендіргіштікті көңіл күй, жүрек соғуын, бадырақ көздікті арттырып- безді- бұғақ немесе Базедов ауруын күшейтеді.
Қалқанша безінің үлкейіп кетуі организмге ас суымен қоса йод мөлшерінің жетіспеуіне байланысты- эндемиялық бұғақ ауруы пайда болады. Алдын алу үшін ас тұзына иодты калий қосады.
Қалқанша без қызметі кемігенде зат алмасуын төмендетеді, жалпы өсу, шаш, тырнақ өсуі бұзылады. Қалқанша безінің гипофункция асқынғанда –микседема ауруы немесе кілегейлі қабықтың ісінуіне әкеледі. науқастадене қызуы төмендейді, қан қысымы кемиді, шашы түседі, есте сақтау төмен, ұйқышыл келеді.
Қалқанша безінің 3-4 жасқа дейін пайда болған гипофункциясы кретинизм- меңіреулікке әкеледі. Ақыл-ой дамуы артта қалған бала.
Қалқан серік безі. Қалқанша без артында 2 жұп. Салмағы 0,1-0,15г. Гормоны- паратгормоны. Бұл гормон кальций, фосфор алмасуын реттейді. Қан мен сүйектегі тұрақты деңгейін реттейді.
Қалқан серік безінің гиперфункция кезінде кальций сүйектен шығарылып, оның несептегі мөлшері артады, бұл бүйрек тасының түзілуіне, қан тамырлары мен басқа мүшелерде тұз жиналауын қамтамасыз етеді. Сүйек сынғыш келеді.
Қалқан серік безінің гипофункциясы қандағы кальций деңгейін төмендеуінен –тырысу (құрысу) ауруының тууына әкеледі. Ол нерв, бұлшықет ұлпаларының қозғынтығының артуына байланысты. балаларда сүт диетасы, Д витамині ішу керек.
Айыршық без (тимус). Төс сүйегінің артқы жағындағы кеуде қуысында орналасқан. Салмағы 5 жасар балада-23г, 10жас-26г, 15 жас- 37,5г. толық зерттелмеген. Бірақ өсуге әсер етеді, антителла жасауға, иммундық жүйенің қалыптасуын, инфекцияға төзімділікті арттырады. Жыныс бездер қызметін тежейді.
Ұйқы безі. Құрсақ қуысында орналасқан. Салмағы 2,84г. 1 жас-11,36г, 13-15 жас ересектермен шамалас ер-71,9-76,3г, әйел-69,1г. Инсулин, глюкагон, липокаин гормондарын бөледі.
Ұйқы безі қызметінің төмендеуі және қанда инсулиннің болуы ондағы қант мөлшерінің артуына себеп. Бұл жағдайда қант диабеті ауруы пайда болады.
Дені сау адамдардың қанында 0,1-0,2% қант болады. оны бүйрек бөліп шығармайды. Ал диабет ауруы кезінде оның мөлшері 0,3-0,8% арта береді. Диабетпен ауыратын адам тәулігіне 10 литр дейін, одан да көп несеп бөледі- полиурия. Мұндай адам тәулігіне су бірнеше литр ішеді. Ағза әлсірейді, терісі құрғақ, қышиды, белок пен май алмасу бұзылады. Ұйқы безінің гиперфункциясы сирек кездеседі. Ол қандағы қант мөлшерінің төмендуі ОНЖ бұзылуынан байқалады. Организм әлсіреп құрысады, глюкоза енгізуден соң жойылып кетеді. Липокаин майлардың, глюкагон көмірсу алмасуын реттейді.
Бүйрек үсті безі. Құрсақ қуысында бүйректің жоғарғы ұшында болады. салмағы 10,16г. негізі 2 қыртысты және милы қабатынан тұрады. Қыртысты қабат 3 гормон бөледі:
1.минералокортикостероидтар- тұз, су алмасуын реттейді;
2.глюкокортикостероидтар- көміртегі, белок, май алмасуына қатысып, организмнің инфекцияға қарсы тұра алушылығын арттырады;
3. андрокортикостероидтар- аталық және аналық жыныс гормондарына ұқсас әсер етеді.
Милы қабаты адреналин, норадреналин гормондарын жасайды. Адреналин бәсең көңіл-күй, норадреналин- күшті қозу жасайды. Гипофункциясы ауытқушылық әкеледі. Гиперфункция- басқа жыныс белгілері пайда болады.
Жыныс бездері. Аралас бездер қатары. Еркектердің жыныс безіне шәует безі (ен, аталық ұрық), әйелдердің жыныс безі аналық без. Еннің салмағы нәрестелерде 0,3г, 1 жас-1г, 14 жас-2г, 15-16жас- 8г, 19 жас-20г. Шәует безі- аталық жыныс гормоны андроген түзеді, негізгісі –тестостерон, андорстерон. Қандағы тестостерон мөлшерінің артуы шәует безі қызметінің күшеюі жасөспірімдерде дене тез өсуіне, мезгілінен ерте жыныстық жетілуі, қосымша жыныс бездері мен жыныс белгілерінің дамуына әкеледі. Гипофункциясы евнухойдизм- аталық, аналық бездің толық өсіп жетілмеуі.
Аналық бездің салмағы нәрестелерде 5-6г, одан әрі дамыған аз ғана өзгереді, ересектерде 6-8г. Аналық без жыныс гормоны- эстрогендер (эстрадиол, эстрои, эстроиол) және прогестин. Эстроген аналық жыныс аппаратының қынап, жатыр дамуына қолайлы әсер етеді. Гиперфункциясы- мезгілінен ерте жыныстық жетілуі және қосымша жыныстық белгілердің байқалуы. Гипофункция- сыртқы, ішкі жыныс мүшелері толық жетілмейді, етеккір келмейді, адам бойы биік, семіреді.