5. Дене сымбаттылығы Сымбат немесе тұру, жүру, отыру кезiндегi дене қалпы әр адамға тән қасиет. Егер омыртқа жотасының барлық иіндерi бiркелкi болып, жақсы байқалса, бас тiк тұрып, иық, жауырын және мықын сүйегiнiң қыры бір сызық бойында орналасқан дене сымбаты дұрыс болып есептеледi. Ондай адамдардың бұлшық еттерi серпiмдi, қозғалыстары жинақты, және ширақ келедi. Сымбат дұрыс болған жағдайда адамның қозғалысына және iшкi органдарының қызметiне өте колайлы әсер етiп, соның нәтижесiндс жұмыс қабiлетiнің жоғарылауына себепшi болады.
Сымбат дұрыс болмаған жагдайда бас алға қарай еңкіштеніп, иықтар алға қарай шығьңқырап, көкiрек куысы қысыңқы болып, тас түсiп тұрады. Сымбаттың дұрыс болмауы жүректің, өкпенің, тіршілік сыйымдылығы кемидi, зат алмасу төмендейдi; бас ауыру және жиі шаршау байқалады.
Сымбат ерте жастан қалыптасып, өмір сүру нәтижесінде өзгеруі мумкiн. Сымбат негiзiнде 6-7 жаста қалыптасады. Сымбат дұрыс қалыптасу үшiн тұлға бұлшық еттерінің маңызы зор. Бұл еттердің ширығуынан төмендеуiнен бұзылады. Балалардың тұлга бұлшық еттерi әлсiз дамыған, сондықтан олардың сымбаты тұрақсыз болып келедi. Сымбаттың қалыптасуында дене тәрбиесiнiң маңызы үлкен. Мұндағы негiзгi мәселе бiр қалыпта жаттығулар жасап, барлық бұлшық еттердi бiрте-бiрте дамыту. 18 жаста дене сымбатты тұракталады, ал содан кейiн оны түзеу қиынға соғады.
Дене сымбатының дұрыс қалыптаспауы нелiктен? Балалар тұру немесе отыру кезiнде денесiн ұзак уақыт бiр қалыпты ұстау тұра алмайдьи. Тез шаршап, дене калпын тез өзгертіп, қисайып отыруға мәжбүр болады. Ондай жағдай, ең алдымен, дене сымбатының бузылуына, ал содан кейiн арқа бұлшық етгерiнiң әлсiреуiне және омыртқа жотасының қисьқ болып бiтуiне себеп болады. Сондықтан дене жаттығулары, қозғалмалы ойындар, серуендеу, жиһазды дұрыс таңдай бiлу, бұлшық еттерге түсетін күштi өзгертiп отыру сымбаттың бұзылуынан сақтандырады. Балаларға ауыр нәрсенi көтеруге рұқсат етпеу керек. Балаларды өте жұмсақ немесе иiлмелi төсекке жатқызбау керек. Окқ құралдарарын қолда ұстайтын емес, арқаға асатын портфельдi алып жүргендерi жөн.
Баланың дене сымбатыньң дұрыс қалыптасуына партаньң да тигiзетiн әсерi үлкен. Орындық пен үстел баланың бойы мен денесiнiң пропорциасына сәйкес келмесе, дене сымбатының бұзылуына себепшi болады. Сондықтан класс партасы балалардың бойына сай болғаны дұрыс. Парталар әрбiр кластағы балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшелiктерiне байланысты нөмiрленедi: 6-дан 12-ге дейiн. Бастауыш кластар үшiн 6-8 нөмiрлер. Алтыншы нөмiрлi парта бойларының ұзындығы 110-119 см-ге дейiнгi балалар үшiн, жетіншi нөмiрлi ұзындығы 120-129 см, сегiзiншi нөмiрлi-1З0-139 см балалар үшiн. 9-дан 12-ге дейiнгi нөмiрлi парталар жоғары класс оқушыларына қойылады. Егер бастауыш класта бойы өскелең оқушылар болса, онда баланың бойына сай нөмiрлi парта қойылады. Парталардың қажеттi саны сабақ басталардың алдында анықталады. Оқушылар мектепке алғашқы күнi барғанда, мұғалiм мен мектеп дәрiгерi олардың бойының ұзындығын өлшеп, тиiстi нөмiрлi партаға отырғызады. Партаға отырғызуда оқушылардың тек бойының ұзындығы ғана емес, көру және есту қабiлетi де еске алынады. Құлақтары нашар еститiн оқушыларды алдынғы партаға, ал көру қабілеті төмен балалар жарық мол түсетiн партаға отыруы тиiс. Мұғалім партада қалай отыру ережелерiмен және отыруға койылатын гигиеналық талаптармен таныстырады.