Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет55/64
Дата20.09.2023
өлшемі216,16 Kb.
#109118
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

1.Тері құрылысы, қызметі
Тері адам денесінің сыртқы жамылғысы болып табылады. Микроскопиялық құрылысы күрделі және әртүрлі қызмет атқарады. Тері 2 қабаттан тұрады: эпители және дәнекер ұлпаларынан. Онда болатын сезімтал денешіктер нерв талшықтары, қан тамырлары, тері және май бездері.
Ересек адам терісінің жалпы көлемі орташа есеппен алғанда 1,5м2 қа тең. Терінің қалыңдығы 1-4мм аралық мөлшерінде. Терінің ең жұқа жері қабақтың терісі, ең қалыңы- табандікі.
Терінің түсі ондағы пигментке тәуілді. Әр адам терісінің ерекшелігі пигменттің мөлшеріне байланысты. Ультракүлгін сәуленің әсерінен (күн сәулесінің түсуі, сынап-кварц лампасының сәулесі) тері пигменттерінің синтезделуі тездейді.
Тері қорғаныштық қызмет атқарады: сыртқы ортаның кейбір зиянды әсерлерінен организмді сақтайды. Тиісті органдарды механикалық зақымдалудан қорғайды. Таза теріден әртүрлі аурулардың қоздырғыштары өтпейді- микробтар және әртүрлі зиянды заатар. Терінің зақымдалған жерінен микробтардың өтуінің нәтижесінде әртүрлі қабыну процесі пайда болады.
Тері бөлу қызметін атқарады: ол арқылы термен бірге әртүрлі ыдырау өнімдері шығып отырады (мочевина, тұздар). Терінің май бездері, тері мен шаш түктерін майлап тұратын секрет (тері майы) бөледі.
Тері дене жылуын реттеуге қатысады: тері арқылы организмнен сыртқы ортаға жылу бөлу жүзеге асады. Сонымен бірге организмнің тұрған жағдайына байланысты (ауа температурасы мен ылғалдылығы дене еңбегі) жылу бөлінудің жылдамдығы өзгереді. Терінің қан тамырлары кеңейген кезде және қанның ағуы күшейген кезде жылу бөліну жоғарылайды және керісінше терінің қан тамырлары тарылған жылы бөліну төмендейді.
Тері сезім органының қызметін атқарады: онда сыртқы ортадан әртүрлі тітіркенулерді қабылдайтын көптеген сезімтал нервтердің ұштары келіп жанасып жатады. Тері арқылы болатын көптеген әсерлер организмнің қарсы тұру қасиетін жоғарылатуы мүмкін. Теріні шынықтыру мақсатына байланысты күн сәулесін, ауа ваннасын, түрлі су процедурасын қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет