2. Тері гигиенасы. Оқушылардың жеке бас гигиенасы. Терінің үстіне тер майларының эпидермис клеткалардың, шаң-тозаңдардың жиналуы нәтижесінде кірленіп, тер және май бездерінің түтіктері бітеліп қалады. Сол кірлендіруші өнімдер шіріп, ыдырайды да, микроорганизмдердің жиналуына және көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Микробтар тері қатпарларына жиналып, түк ұясына кіреді. Тері кірленгенде қышыну пайда болып, кейбір аурулардың дамуына- сыздауық, іріңді жара, экзема пайда болуына себеп болады. тері гигиенасын сақтау онда жиналған өнімдерді тұрақты тазалап отыру, ол тек қана жуынып-шайынудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Балаларды таңертең қолдарын сабындап жууға, тырнақтарының астына тұрып қалған кірді тазалауға үйреткен дұрыс. Күнделіті таң ертең беттерін, мойындарын, құлақтарын, белінен жоғары қарай жуынып отырғандары жөн. Судың жылылық температурасы 20-25 градус шамасында болуы керек. Сабынсыз суық сумен жуынса, терінің тазалығы жеткіліксіз болады. сабындап жуынғанда тері жұмсарып, өлі эпителий клеткалары тазарады.
Әрдайын қол жуғанда таза орамалмен сүртіп, құрғату керек. Өйтпесе тері күстеніп, жарылып кетеді. Әрбір баланың бетіне, қолына және аяғына арналған орамал болу керек. Жалпы орамал болған жағдайда инфекция таралуы мүмкін. Жеке бастың гигиеналық ережелерін сақтауда кем дегенде жұма сайын жылылығы 35-37градус температуралы ыстық сумен бүкіл денені жуып, іш киімдерді ауыстырып отырған жөн. Ыстық су тер және май бездерінен өнімдердің бөлінуін тездетіп, терінің саңылауларын кеңейтіп, саңылауларға тұрып қалған кірдің тазаруын қамтамасыз етеді.
Кір қолдардан көптеген инфекциялық аурулар таралады. Сондықтан балаларды күнде танертең және кешке қарай жатар алдында қолдарын, беттерін, мойындарын, аяқтарын, ал күні бойы тамақтың алдында, мектептің жұмыстарына көмектескеннен кейін, дәретханаға барғаннан кейін мұқият жуып жүру қажет.
Балалардың жуынып, денесін таза ұстауында үйде ата-аналардың, мектеп-интернеттарда тәрбиешілер ролі зор. Орта мектептерде класс жетекшілердің жауаптылығы да аз емес.
Балалар мен жас өспірімдердің аяқтары жиі терлейді. Терлеу нәтижесінде қолайсыз иіс сезіледі. Айналасындағы адамдарға, үйдегі, жатақханадағы адамдарға ыңғайсыздық туғызады. Тершілдік бірнеше себептерге байланысты: аяқты сирек жуу, қыздырып алу, резинадан жасалған аяқ киім ұзақ жүру. Дұрыс қүтім жүргізу арқылы терлеуді болдырмауға болады. Ол үшін күнде, түнге қарай алдымен жылы сумен, содан кейін ыстық сумен жуып отыру керек. Егер ешқандай нәтиже болмаса онда басқа бір ауру себептерге байланысты болуы мүмкін. Ондай жағдайда маман дәрігер көмегі керек.