Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Био-Савар-Лаплас заңын қолданып, тогы бар дөңгелек орамдардың магнит өрісі индукциясын есептеңдер.
Био-Савар-Лаплас заңын қолданып, шексіз ұзын тогы бар өткізгіштің магнит индукциясын есептеңдер.
Ампер деген не? Анықтамасын беріңдер.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Егер жіңшке ұзын цилиндр түріндегі каркасты алып (ℓ››d) оған жіңішке оқшауланған сымды орап шығарсақ, онда соленоид деп аталатын контурды аламыз. ℓ››d шарты орындалатын кезде соленоидтың ішіндегі өріс біртекті болады да тек шеттерінде ғана бұзылады, өріс соленоидтың ішінде жинақталатын болып шығады.
Шексіз ұзын соленоидтың магнит өрісінің индукциясы:
.
Соленоидтағы көршілес екі өткізгіш арқылы ток бір бағытта өтеді, демек, бұранда ережесі бойынша осы өткізгіштер тудырағна магнит өрісінің индукция векторлары қарама-қарсы бағытталған. Бұл векторлардың модулі бірдей, яғни орамдар арасында магнит өрісі жоқ.
Жартылай шексіз соленоидты алып, дәл осындай соленоидпен түйістірейік. Олардыға ток бір бағытта өтеді де, шексіз ұзын соленоид аламыз.
Соленоидтарды түйістіргенде, суперпозиция принципі бойынша . Соленоидтар бірдей Сонда, осыдан яғни, соленоидтың ұштарындағы магнит өрісінің индукциясы, оның ортасындағы индукциядан екі есе кем.
Достарыңызбен бөлісу: |