Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет147/160
Дата06.01.2022
өлшемі16,87 Mb.
#11429
түріСабақ
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   160
Байланысты:
10-pplan

V. Есептер шығару.

VІ. Үйге тапсырма. §11.4.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы: §11.5 Максвелл гипотезасы.

Сабақ мақсаты:

  1. Максвелл гиптоезасы туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баянду, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Лоренц күшінің формуласы қандай?

  2. Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?

  3. Лоренц күшінің жұмысы неге нольге тең?

  4. Электр энергиясының генереторларында бөгде күш болып табылатын не?

  5. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Фарадейді бастапқы тәжірибелерінің біріне оралсақ және индукциялық ЭҚК-інің пайда болу құбылысын екі инерциялық бақылаушының: магнитпен байланысты К/ бақылаушымен өзіне қатысты контур қозғалыссыз болып көрінетін К зертханасындағы бақылаушы тұрғысынан түсіндіруге тырысатын болсақ, (суретбойынша) онда қайшылық туады.
К бақылаушы үшін индукцияның ЭҚК-і мен тұйық контурда индукциялық токтың пайда болуын түсіндіру «бұрынғы» заңдар тұрғысынан мүмкін емес болып шығады, атап айтқанда Эрстед тәжірибелері магнит өрісі тек қозғалыстағы зарядтарға әсер ететінін көрсетеді, ал өткізгіштегі еркін зарядтар бейберекет жылулық қозғалысқа қатыса отырып, К бақылаушыға қатысты бағытталған қозғалыс жылдамдығына ие бола алмайды, демек, Лоренц күші нөлге тең. Магнит өрісімен байланысты санақ жүйесінде болатын К/ бақылаушы үшін индукциялық токтың пайда болуын Лоренц күшінің көмегімен түсіндіруге болады. К/ бақылаушыға қатысты контур және онымен бірге өткізгіштік электрондар оған қарай υ/ жылдамдықпен қозғалады.

В векторын Вх және Ву құраушыларын жіктейміз. Ву жағынан Лоренц күші нөлге тең, өйткені υ мен Ву арасындағы бұрыш 1800-қа тең, sin1800=0. Вх жағынан өткізетін ∆ℓ элементінде болатын электрондарға «бізге» қарай бағытталған күш әсер етеді. Лоренц күшінің әрекеті «бізден әрі» бағытталған, ол контурда бағыты Ленц ережесімен үйлесетін токтың пайда болуына әкеледі. Тағы да қайшылық туған сияқты. К/ және К инерциялық санақ жүйелеріндегі бақылаушылардың әрқайсысы индукциялық токтың пайда болғанын байқайды. К мен К/ жүйелері тең құқықты, сондықтан оларды өтетін физикалық процестер бірдей өтуі тиіс.

Өзіне қатысты контур тыныштықта болатын К/ бақылаушы индукциялық токтың пайда болуын Лоренц күші арқылы түсіндіре алмайды, өйткені Лоренц күші тек қозғалыстағы зарядтарға әсер етеді. Бірақ бақылаушыға қатысты магнит өрісі –айнымалы өріс. Электр өрісі иыныштықтағы зарядқа да, қозғалыстағы зарядқа да әсер ете алады, сондықтан Максвелл мынадай идея ұсынады: айнымалы құйынды магнит өрісі алдымен айнымалы құйынды электр өрісін туғызады, ол өріс контурда тыныштықтағы электрондардың бағытталған қозғалысы, яғни электр тогын туғызады.

Максвелдің екі гипотезасы:

1. ~В ~Е.

2. ~Е ~В.

Максвелл теориялық жолмен электромагниттік толқынның вакуумде таралу жылдамдығының мәнін алды: 3·108 м/с

Максвелл қайтыс болғаннан кейін 10 жыл өткен соң неміс физигі Г. Герц электромагниттік толқындарды тәжірибе арқылы алып, олардың қасиетерін зерттеді.



ІV. Пысықтау.

1. Максвелл гипотезасын тұжырымдаңдар.

2. Электромагниттік толқынның бар екенін Максвелл қалай болжаған?

3. Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы қандай формуламен

есептеледі?.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет