V. Қорытындылау.
VІ Үйге тапсырма.§3.3.
10-сынып.
Сабақ тақырыбы: §3.4. Қанаттың көтеру күші.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға қанаттың көтергіш күші туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Маңдайлық кедергі қалай пайда болады?
Қандай күшті көтергіш күш деп атайды?
Магнус эффектісі деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қанаттың артық үшкір шетінде құйындар пайда болып, олар сағат тілі бағытына қарсы бағытта айналады. Бұл құйындар ұлғайып, қанаттан бөлінеді және оны ауа ағыны алып кетеді. Осы кезде ауаның қалған бөлігі қанаттың маңында қарыс бағытта айнала бастайды да, ол қанаттың айналсында сағат тілі бағытымен қозғалатын циркуляцияны тудырады. Циркуляциялық ағын түсіп жатқан ағынмен қосылып, қанат үстінде ауаның қозғалысын жылдамдатып, ал қанаттың астында ауа қозғалысын баяулатады, Осының нәтижесінде қанаттың үстінде ауа қысымы азаяды, қанат астында артады, ал бұл көтергіш күштің пайда болуын әкеледі.
ІV. Пысықтау.
1. Қанаттың көтергіш күші қалай пайда болады?
Достарыңызбен бөлісу: |