ІІІ. Жаңа сабақ.
Тебілу күштері:
1. Олар молекулалар немесе атомдардың ара қашықтығы азайғанда өте тез артады;
2. Тебілу күштеріне тән жағдай – олардың жеке молекуланың түріне тәуелділігі.
Тебілу күштері молекулалар бір-біріне жақындағанда 1/r9 –не пропорционал артады.
Молекулалық күштердің қашықтыққа тәуелділік графигі:
Молекулалар бір-біріне жақындағанда потенциалық энергия азаяды, яғни теріс мәнге ие болады. Заттың молекулалары «потенциалдық шұңқырға» түсіп кеткен секілді болады. Молекулалар одан әрі жақындағанда тез артып отыратын тебілу күштері пайда болады да, потенциалдық энергия қайтадан арта бастайды.
Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылымдары.
Газ өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әрекеттесу күштері оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды.
Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады, сондықтан олары қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш, яғни олар пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық энергиясы олардың потенциалдық энергиясымен шамалас.
Қатты денелер кристалдық тордың әр түрлілігімен ерекшеленеді, себебі молекулалар арасындағы өазар әрекеттесу күштері мен денелердегі молекулалардың немесе атомдардың орналасуы әр түрлі.
IV. Пысықтау.
Зат молекулаларының өзара әрекеттесуінің сипаты қандай?
Молекулалар арасындағы тартылыс күштері мен тебілу күштері қашықтыққа тәуелді қалай өзгереді?
«Потенциалдық шұңқыр» деп нені түсінесіңдер?
Зат молекулаларының арасындағы өзара әрекеттесу күштерінің қорытқы күші олардың ара қашықтығына тәуелді екенін қалай түсіндіруге болады?
Заттың күйлерінің МКТ негізіндегі сипаттамасын беріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |