V. Есептер шығару. А.П.Рымкевич:№770, №771, №769.
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: А.П.Рымкевич: §9.3. №768, №772.
10-сынып.
Сабақ тақырыбы: §9.4. Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
1. Электр тізбегі ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей, параллель қосу заңдылықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тұжырымдаңдар.
Электр кедергісі деген не?
Металл өткізгіштің кедергісі оның геометриялық өлшемдеріне қалай тәуелді?
Меншікті кедергінің физикалық мағынасы қандай?
Кедергінің температуралық коэффициенті деп нені атайды?
Достарыңызбен бөлісу: |