ІІІ. Жаңа сабақ.
Тізбекте кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын нүктелер түйіндер деп аталады.
Токтардың үзіліссіздік заңы: түйінге кіріп жатқан ток күштерінің қосындысы түйіннен шығып жатқан ток күштерінің қосындысына тең:
∑Ii=∑Ii Кирхгофтың І ережесі.
Кез келген тұйықталған контурда кедергілердегі кернеудің түсулерінің қосындысы осы контурдағы ЭҚК-тердің қосындысына тең болады.
∑εi=∑Ui Кирхгофтың ІІ ережесі.
А түйінінде: I1=I3+I5
С түйінінде: I1=I2+I4
М түйінінде: I3=I4+I6
ВСКМОАВ контуры үшін:
ε1- ε2+ ε3=I1r1+I1R1+I2r2+I6R3+I3r3
СДЕМС контуры үшін:
ε 4+ ε2=I4r4-I6R3-I2r2
IV. Есептер шығару. 19-жаттығу. №2, №8.
V.Қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма. §9.6. 19-жаттығу. №9, №10.
VІІ. Бағалау.
10-сынып
Сабақ тақырыбы: §9.7. §9.8. Токтың жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға электр тогының жұмысы, электр тогының қуаты, пайдалы қуат, жоғалатын қуат, толық қуат, токтың жылулық әрекетінің мәнісі, Джоуль-Ленц заңы туралы түсінік беру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |