V. Есептер шығару.А.П. Рымкевич:№ 837, №838, №839.
VІ. Қорытындылау.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: §10.8. А.П. Рымкевич:№ 840, №842, №.843.
10-сынып.
Сабақ тақырыбы: §10.9. Заттардағы магнит өрісі.
Сабақ мақсаты:
1.Магнетиктер, заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы, парамагнетиктер, ферромагнетиктер, диамагнетиктер, Кюри нүктесі туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:
Лоренц күші дегеніміз не?
Ол күштің шамасы қандай формуламен өрнектеледі?
Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?
Құйынды токтар деген не?
Лоренц күші жұмыс атқара ма?
Тогы бар тұйық контур магнит өрісінде өзін қалай ұстайды?
Қандай физикалық шама магнит индукция векторының ағыны немесе магнит ағыны деп аталады?
Тогы бар контур магнит өрісінде қалай орналасады? Неліктен?
Тогы бар жазық контурдың магнит өрісінде орналасуы оның пішініне тәуелді ме?
Магнит өрісінде тогы бар рамка қалай орналасқанда, оған әрекет ететін Ампер күштерінің моменттері максимал болады?
Достарыңызбен бөлісу: |