Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет43/160
Дата06.01.2022
өлшемі16,87 Mb.
#11429
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   160
Байланысты:
10-pplan

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1873 жылы голланд физигі Ван-дер-Ваальс егер молекулалардың қасиеттері жайлы көзқарастарды өзгертсе, яғни олардың өзара әрекеттесуіне және молекулалардың өлшемдеріне түзетулер енгізсек, онда практика мен теорияның нәтижелерінде үйлесімділікке жетуге болатынын көрсетті.

Нақты газдың бір молі үшін молекулалардың өзара тартылыс күшін ескерген кезде Менделеев –Клапейрон теңдеуі: (p+a/V2)V=RT

а түзетуі молекулалардың өзара тартылыс күшін ескереді. Бұл Менделеев-Клапейрон теңдеуіне енгізілген бірінші түзету.

Екінші түзету: (p+a/V2)(V-b)=RT – нақты газдар үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

Осы теңдеу теория мен практика арасында дұрыс үйлесімдік береді, мұның өзі осы күнгі техникалық деңгей үшін жеткіліксіз болады. Сондықтан практикада бұдан да күрделірек теңдеу пайдаланады.

V3-(b+RT/p)V2-aV/p-ab/p=0

Бұл теңдеудің графигі Ван-дер-Ваальстік изотермасы деп аталады.



АВ – қанықпаған бу.

ВС –сұйық фаза.

ВВ1 ,СС1 – метаорнықты күйлер.

В1С1 –табиғатта кездеспейтін күй.

Қисықтың жоғарғы өркеші аса қаныққан буға сәйкес келеді. Аса қаныққан буды нақты газды изотермалық түрде сығумен ғана емес, қаныққан буды салқындата отырып та алуға болады. Сондықтан аса қаныққан буды аса салқындатылған бу деп те атайды.

Изотерманың төменгі өркеші сұйықтың аса қыздырылған сұйық деп аталатын күйіне сәйкес келеді.

Кризистік күй деп тепе-теңдіктегі екі фазалық жүйенің екі фазасының да өздерінің қасиеттері бойынша тепе-тең болатын шектік күйін айтады.



Әр түрлі температураларға сәйкес келетін Ван-дер-Ваальс изотермалары аумағы.


ІV.Пысықтау.

  1. Ван-дер-Ваальс қандай түзетулер енгізді?

  2. Ван-дер-Ваальстің теориялық изотермасының тәжірибелік изотермасынан айырмашылығы қандай?

  3. Аса қаныққан газ дегеніміз не?

  4. Аса қыздырылған газ дегеніміз не?

  5. Газдың қандай күйі метеоорнықты деп аталады?

  6. Қандай температура кризистік деп аталады?

  7. Заттың кризистік күйі дегенді қалай түсінесің?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет