Жасушаның пайда болуынан оның бөлінуіне немесе жойылуына дейінгі кезең.
Бұл кезең жаңа пайда болған жасушаның мамандануы,арнайы қызметтерін атқаруы және тыныштық кезеңдерінен тұрады.
Тіршілік циклінің ерекшеліктеріне байланысты ұдайы жаңаратын (бөлінетін) және жоғары дифференцияланған, маманданған бөлінбейтін жасушалар деп жіктеуге болады. Мысалы, нейрондар, кардиомиоциттер. Ұдайы бөлінетіндердің тіршілігі бөлінуден келесі өзінің бөлінуіне дейінгі уақытқа созылады. Мұндай циклды ̶ митоздық цикл деп атайды. Мысалы, тері эпидермисінің, ішек және тыныс алу жолдарының эпителий жасушалары.