Сабақ мақсаты:
1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау.
2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам, машина.
Ұйымдастыру.
Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі. Ал біздердің жол жүру ережелерімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз көшелер мен жолдарда қойылатын белгілермен таныстық. Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі’’Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!’’ атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын.
Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік, төрелік!
Сабағымыз «Үлгілі жолаушылар» және »Жас инспекторлар» атты топтар арасындағы сайыспен жалғасады.
1. Өмірімізді қатерден сақтандырытын, көшемізде тұратын көмекшіміз не?(Бағдаршам)
2. Көше қиылыстарынан қалай өту керек?(Мысал келтіре жауап береді)
3. Қанша жасқа дейін көшеде вилосипедпен жүруге болмайды?(Он төрт жасқа дейін)
4. Жол торабында жаяу жүргінші қай жерден өтуі керек? (Жүріп көрсетеді)
5. Көше қиылысы деген не, ол не себепті қауіпті? (Мысал келтіре жауап береді)
6. Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қалай өтеміз?(Алдымен сол жағымызға қарайсыз, жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз)
7. Жолда жүру ережесіндегі ескерту белгілерді бейнеле және түсіндір? (Бейнелеп көрсетеді)
8.Жаяу жүруге рұқсат етілген жолдардағы белгілерді бейнеле және түсіндір? (Бейнелеп көрсетеді)
9.Балалар қай жерлерде ойнау керек? (Арнайы алаңдарда)
10. Жаяу жүргіншілерге арналған жол (Тротуар)
-Ендеше, сайысымызды бастайық.
Сайыс кезеңдері:
І. Көше ережесін білесің бе?
ІІ. Жол белгілері туралы жұмбақтар шешу.
ІІІ. Ситуациялық жағдайларға жауап беру.
IV. Айырмашылығын тап.
I бөлім. «Көше ережесін білесің бе?» берілген сұрақтарға жауап беру.
1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы.
2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам.
3. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы
4.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.
5.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек.
6.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші.
II бөлім: Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. Жол полициясы
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. Автобус
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. Жол
Жол астында бір ін бар.
Не екенін кім табар?
Неге онымен адамдар
Арлы-берлі ағылар? Жер асты жолы
Сымға асылып,
жүр асығып. Троллейбус
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. Бағдаршам
III бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру.
1. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің?
2. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?
IY бөлім. Айырмашылығын тап. Оқушылар екі суреттен айырмашылық табады.
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жол жүру ережесін сақтауменен
|