Пиццерияда сіз екі түрлі салма: ірімшік пен қызанақ қосылған қарапайым пиццаға тапсырыс бере аласыз. Сонымен қатар, оған қосымша салма үстемелеп, өзіңіз қалаған пиццаны жасата аласыз. Төрт түрлі қосымша салмадан таңдау мүмкіндігіңіз бар: зәйтүн, ветчина, саңырауқұлақ және салями.
Руслан екі әртүрлі қосымша салмасы бар пиццаға тапсырыс бергісі келеді. Ол салманың неше түрлі комбинациясын таңдай алады?
Жауабы:
1-әдіс: Салмалардың барлық мүмкін комбинацияларын жазып шығайық. Руслан зәйтүнді ветчинамен, зәйтүнді саңырауқұлақпен, зәйтүнді салямимен, ветчинаны саңырауқұлақпен, ветчинаны салямимен немесе саңырауқұлақты салямимен таңдай алады. Барлығы 6 комбинация.
2-әдіс: Алғашқы қосымша салманы Руслан 4 түрлі әдіспен таңдай алады, ал екінші қосымша салманы 3 түрлі әдіспен таңдайды. Сонда барлық қосымша салма жұбын таңдау саны 4 х 3 = 12 болады.
Мынаны ескеру керек: Алдымен А салмасын, содан соң Б салмасын таңдау және алдымен Б салмасын, содан соң А салмасын таңдау қосымша салманы таңдаудың бірдей комбинациясын береді. Яғни салма жұбын таңдаудың 12 таңдау санына әрбір салма комбинациясы екі рет есептеліп кіріп тұр. Онда Русланда таңдаудың 12 : 2 = 6 комбинациясы бар.
8 тапсырма:
Арман, Мәриям және Руслан әртүрлі өлшемді велосипед тебеді. Кестеде олардың велосипедінің доңғалақтары толық айналым жасаған сайын жүріп өтетін қашықтық (см) көрсетілген.
Руслан велосипедін алға жылжытқанда доңғалағы үш толық айналым жасады. Егер Арман өз велосипедімен дәл солай істесе, онда оның велосипеді Русландікімен салыстырғанда қаншалықты алға жылжиды? Жауабын сантиметрмен көрсетіңіз.
Жауабы:
Арманның велосипеді толық 3 айналым жасайды да, 570 см жүріп өтеді, ал Руслан 288 см жүріп өтеді, онда 570 – 288 = 282 см.
9 тапсырма:
Кітап сөресін жасау үшін ағаш ұстасына мынадай бөлшектер қажет:
4 ұзын ағаш тақтай;
6 қысқа ағаш тақтай;
12 кішкентай бекіткіш;
14 бұран (болт).
Ағаш ұстасының 26 ұзын ағаш тақтайы, 33 қысқа ағаш тақтайы, 200 кішкентай бекіткіші мен 510 бұраны бар.