Сабақ мақсаты: pisa есептерін шығару арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру Мысал: Алма ағаштары



бет5/8
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127963
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
7 тапсырма:

  • Пиццерияда сіз екі түрлі салма: ірімшік пен қызанақ қосылған қарапайым пиццаға тапсырыс бере аласыз. Сонымен қатар, оған қосымша салма үстемелеп, өзіңіз қалаған пиццаны жасата аласыз. Төрт түрлі қосымша салмадан таңдау мүмкіндігіңіз бар: зәйтүн, ветчина, саңырауқұлақ және салями.

  • Руслан екі әртүрлі қосымша салмасы бар пиццаға тапсырыс бергісі келеді. Ол салманың неше түрлі комбинациясын таңдай алады?

Жауабы:

  • 1-әдіс: Салмалардың барлық мүмкін комбинацияларын жазып шығайық. Руслан зәйтүнді ветчинамен, зәйтүнді саңырауқұлақпен, зәйтүнді салямимен, ветчинаны саңырауқұлақпен, ветчинаны салямимен немесе саңырауқұлақты салямимен таңдай алады. Барлығы 6 комбинация.

  • 2-әдіс: Алғашқы қосымша салманы Руслан 4 түрлі әдіспен таңдай алады, ал екінші қосымша салманы 3 түрлі әдіспен таңдайды. Сонда барлық қосымша салма жұбын таңдау саны 4 х 3 = 12 болады.

  • Мынаны ескеру керек: Алдымен А салмасын, содан соң Б салмасын таңдау және алдымен Б салмасын, содан соң А салмасын таңдау қосымша салманы таңдаудың бірдей комбинациясын береді. Яғни салма жұбын таңдаудың 12 таңдау санына әрбір салма комбинациясы екі рет есептеліп кіріп тұр. Онда Русланда таңдаудың 12 : 2 = 6 комбинациясы бар.

8 тапсырма:

  • Арман, Мәриям және Руслан әртүрлі өлшемді велосипед тебеді. Кестеде олардың велосипедінің доңғалақтары толық айналым жасаған сайын жүріп өтетін қашықтық (см) көрсетілген.



  • Руслан велосипедін алға жылжытқанда доңғалағы үш толық айналым жасады. Егер Арман өз велосипедімен дәл солай істесе, онда оның велосипеді Русландікімен салыстырғанда қаншалықты алға жылжиды? Жауабын сантиметрмен көрсетіңіз.

Жауабы:

  • Арманның велосипеді толық 3 айналым жасайды да, 570 см жүріп өтеді, ал Руслан 288 см жүріп өтеді, онда 570 – 288 = 282 см.

9 тапсырма:

  • Кітап сөресін жасау үшін ағаш ұстасына мынадай бөлшектер қажет:

  • 4 ұзын ағаш тақтай;

  • 6 қысқа ағаш тақтай;

  • 12 кішкентай бекіткіш;

  • 14 бұран (болт).

  • Ағаш ұстасының 26 ұзын ағаш тақтайы, 33 қысқа ағаш тақтайы, 200 кішкентай бекіткіші мен 510 бұраны бар.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет