Сабақ мақсаты: Студенттерге көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу мәдениетін жалпылама түсіндіру


Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі45,8 Kb.
#14280
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ДАРИС ШО

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық:

- Алдымен, қанша уақыт сөйлейтініңізді толық біліп алыңыз. Соған қарап дайындалыңыз. Әдетте, жұрттың алдында көп уақыт сөйлеу аудиторияны жалықтырып жіберуі мүмкін.

- Материал жинауды жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, ауызша сөйлеу мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіре білу басты рөл атқарады. Айтар ойыңызды дайындық кезінде жазбаша жазып, ойларыңызды бір арнаға тоғыстырыңыз.

- Дайындалатын ақпарат көздерін, кітаптарды, газет-журналдарды іріктеп алыңыз. Кезегімен оқып шығыңыз. Мәнін түсініңіз. Өз көзқарасыңызды қалыптастырыңыз. Яғни, сіздің ойыңыз маңызды рөл атқаратынын естен шығармаңыз.

- Сөзді дауыстап айту немесе оқу өнерін меңгеру, мінбеде өзіңді-өзің билеу ережесін қатаң сақтау, аудиторияның тілеу, қалауы қандай бағытта болатынын ескерген дұрыс. Сонымен қатар, айтар ойыңызды қағазға қарамай немесе қарап айту мәселесін шешіп алуыңыз маңызды. Қағазға қарап айтқан күннің өзінде көпшілік оң көзімен қарайтындай деңгейде дайындалуыңыз керек. Қағаздан бас алмай оқуға болмайды.

- Мәтінге сүйене отырып сөз сөйлеуге де болады. Мәселен, статистикалық мәліметтер есіңізден шығып кетуі мүмкін. Ол үшін айтар ойыңызды жинақтап жазған парағыңыз көмекке келері сөзсіз. Ал жазусыз сөйлеуге дайындалу – ол сіздің көпшілік алдында сөйлей білу өнеріңіздің жоғары екенін байқатады.

- Шешендік өнердің қыры мен сырын (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениеті) мүлтіксіз меңгеруіңіз керек. Дауысыңызды диктофонға жазып, қайта тыңдап көрудің де маңызы зор. Айна алдында қимыл-қозғалысыңызды тексеріп көріңіз. Айтатын тақырыбыңызға немесе ойыңызға қарай киіну стиліңізді де дұрыс таңдай біліңіз.

- Аудиторияның тұтқиылдан қойған сұрақтарына тапқыр жауап беру, білім-ғылым бәсеке таласын ұйымдастыра білуге дайындалыңыз. Егер топ алдында, бұл сөзге немесе сұраққа дайын емес едім, я болмаса жүйрік тілді шешендігім жоқ еді деген сылтаулар айтар болсаңыз, ол сіздің абыройыңызға сын болады.

- Айтатын тақырыбыңа орай мысалдар, мақал-мәтелдер, дәйексөздер жаттап алыңыз. Бұл сіздің айтар ойыңызды көркем жеткізуге септігін тигізеді.

- Дайындық кезінде бар қобалжуыңызды жеңдіріңіз. Психологиялық тұрғыдан өзіңізді дайындаңыз. Көпшілік алдына шыққанда қобалжып қалсаңыз, «тет-а-тет» әдісін қолданыңыз. Яғни, сөз сөйлеу кезінде бір танысыңа немесе бір адамды ғана белгілеп, соған ғана қарап, сөзді соған ғана қарап бағыттап тұрғандай сезініңіз.

- Көпшілік алдында шебер сөйлеумен ғана емес, әсерлі, мәнерлі жеткізе білу қабілетімен де, әдепті мінезіңізбен де ерекшеленуіңіз керек.

Көпшілік алдында шешен сөйлеуге төселу үшін үздіксіз ойлану, машықтану, үнемі жаттығу, толассыз еңбек керек. Ал басты есте сақтайтын дүние – көпшілік алдына шыққанда өз мәдениетіңді көрсете білуің қажет. Осы жөнінде Сыр сүлейі Нұртуған Кенжеғұлұлының шәкірті Жәмет жырау ұстазының кейбір дәрістері жөнінде былай дейді:-  Тыңдаушының уақытын бәлденіп босқа өткізбе. Тамағыңды көбірек кенеп қақырынып түкірінбе, көпке қарап ыржақтап күлме.Ауызша шебер сөйлей білу – тынымсыз, толассыз жаттығудан, жалықпай еңбектенуден, ізгілік пен кісіліктен, сыршылдық пен ойшылдықтан туады. Ал сөз сөйлеуге дайындық - күрделі шығармашылық процесс, әр дайындық шеберлігіңді шыңдай түседі.



Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды.Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады.Іскерлік қарым-қатынас тілі маманның белгі бір салаға қатысты жүйелі білімін, біліктілігін, кәсіби тіл шеберлігін қажет етеді. Маман өз ортасында әріптестерімен пікірлескенде, сәлемдесу, жұмыс барысын таныстыру, өз жұмысының жоспарын қысқаша түсіндіру барысында әдеп пен мәдениет деңгейін сақтау қажет. Нақты ұсынысты, жоспарды талқылауда басқа адамдардың көзқарастарымен санаспай, дауыс көтере сөйлеу, тек өзінің пікірін біржақты дұрыс санау іскерлік қарым-қатынаста өзара тіл табысуға да кедергі келтіреді.Сөйлеу мәдениеті туралы өз заманында ұлы қаламгер М.Әуезов нақты дәлелмен мысалдар келтірген: «Сөз шіркін де адам секілді ғой. Оның да ала- құласы көп. Орнатқан жеріңе қорғасындай құйыла қалатын орнықты сөз бар да, қурайдың басында қылп-қылп етіп ұшып кеткелі тұрған торғайдай ұшқалақ сөз бар. ...Халық соны біліп, сөз екеш сөзді де «одағай сөз, сүйкімді сөз, сайқал сөз, салқын сөз, жылы сөз» деп, түр-түске бөліп жүр ғой. Біз жазушы болғандықтан, осының барлығын білуіміз керек. Солай мәні мен әріне, әуені мен мүсініне қарап електен өткізіп, сұрыптап алмасақ, жазған шығармаларымыз әлде бірдемеге ұқсап кетер еді».Олай болса, іскерлік қарым-қатынас тілінің маңызды ерекшелігі – әдеп пен мәдениет шеңберінде сөйлеу және басты шарты талқыланатын тақырып жөнінде жан-жақты білім қажеттілігі, нақты деректерді дәлелдеу болмақ.Іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды талдау, ортада, көпшілік алдында мағыналы сөйлеу, ойды жеткізудің әдіс-тәсілдері бар.


Ауызекі сөйлеу тілі

                 1                                    2                                    3

- баяндау;

- есеп беру;

- талқылау;

- хабарлау;

- өз ойын жеткізу


 

- маңызды ақпарат;

- жұмыстың нәтижелі жолдарын қарастыру;

- өзге пікірлермен санасу;

- мағыналы сөйлеу



 

- қарастырылатын мәселеге қатысты пікірлерді айқындау;

- нақты қорытынды жасау;

- сөйлеу мәдениетін сақтау


 

Мамандар сөйлеудің мазмұнға сәйкес, мағыналы болуы үшін мынадай жағдайларды ескеру керек:

-  белгілі бір жағдаятқа қатыстылығы;

-  мәселенің айқындалуына жаңа ой-пікірлердің әсері;

-  ойды  теңеулермен, терминдермен әсерлі жеткізу;

- қосымша пікірлердің қарастырылатын мәселеге қатысты болуы;

-  сөйлеуші ұстанымы;

- сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланыс;

Пікірталас – қарастырылатын мәселе төңірегінде қарама-қайшы пікір туғызу немесе сөйлеушінің өз пікірін дәлелдеу мақсатында шешім қабылдау, яғни, тілдік қарым-қатынас орнату. Қандай да бір мәселеде түрлі көзқарастардың түптің түбінде ортақтасатын кезеңі бар, ол - сөйлесуге деген қызығушылық. Бұл іскерлік сұхбаттың алғы шарты, сыпайылықтың этикет формулаларымен, аргументтердің ақиқаттылығымен көрінетін шынайылық пен әділдік, сенім білдірудің үлгілері. Пікірталастың мақсаты – екі тараптың ортақ шешім табуы.

Сұхбаттасуда адамның жеке басының мәдениеті, тәрбиесі көрініс береді. Пікірталасушылардың бір-біріне құрметпен қарауы, асыра сөйлемеуі – әдептіліктің бір белгісі. Осындай жағдайда сөйлеушілер бірінің сөзін бірі бөлмей аяғына дейін тыңдап, өз ризашылықтарын білдіруі тиіс. Сөз әдебі – адамдық қасиеттерді сақтау, орнымен сөйлеп, салмақты жауап беру. Екі тараптың әңгімелесу кезінде келісімге келмеу белгілері байқалса, тақырыпты аздап басқа бағытқа бұруға болады. Бұл да – әдеп белгісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет