Сабақ мақсаты: Студенттерге көпшілік алдында сөз сөйлеудің психологиялық ерекшеліктерін, сөйлеу мәдениетін жалпылама түсіндіру



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі45,8 Kb.
#14280
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ДАРИС ШО

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология.

  2. Немов Р.С. Психология М. "Книга". 1999.

  3. Бороздина Г.В. психология делового общения. М. ИНФРА 1996.

  4. А. Пиз. Язык жестов. М. 2000.


Қосымша:

5. Гришина Н.В. Давайте договоримся. СПб Сова, 1993.

6. Обозов Н.Н. Психология делового общения, СПб Прикладная психология, 1993.

7. Браим И. Этика делового общения - Минск: 1996.


Дәріс тезисі:

Көпшілік алдында сөйлесу. Көптеген мемлекеттік қызметшілер өз жұмысы барысында көпшілік алдына шығып сөйлесуге мәжбүр болады.

Сөйлесуге байсалды дайындықпен кірісіңіз. Сіздің әрбір сөзіңіз аудитория үшін де, сіз үшін де маңызы болуы тиіс.  

Қажетті жерге дәл уақытта жету үшін мекенжайлы, күннің жадын, уақытты, қабылдайтын тарап туралы мәліметті, ұйымдық мәселелерді жазып алыңыз. Келеңсіздің болмас үшін рет - ретімен не болатынын нақтылаңыз. Сіздің кездесуіңіз қандай болатынын да алдын ала білуңіз қажет: жиналыс па, қабылдау ма, әлде ресми емес қабылдау ма? Сахнадан сөйлейсіз бе, кафедрада ма, әлде топ ортасына шығу керек пе? Бұларды да алдын ала білгеніңіз дұрыс. Мұндай мәліметтер сіздің қандай жағдайға не лайықтап киетініңізді таңдауға мүмкіндік береді.  

Біріншіден, не жөнінде, қандай мақсат қойып сөйлейтініңізді анықтап алыңыз. Қанша уақыт талап етіледі? Сөйлеп болғаннан кейін сұрақтарға жауап беру үшін уақыт беріле ме? Регламентпен дәл сәйкестікте жүруді жоспарлаңыз.  

Сөйлеудің - мақсаты, іскерлік жұмыс екенін ұмытпаңыз.

Сахнаға шығар алдында мыналарды есте сақтаңыз: 



  • Менің сыртқы түрім толықтай тәртіпте: шашым, гримім, киімім жағдайға үйлесімді;

  • Мен өз тыңдаушыларымың көзіне тіке қарай аламын;

  • Менің тұлғам тіп - тік сондықтан өзімді еркін, жайбарақат ұстай аламын;

  • Бет құбылысым мен қимылым иманды, игі,байсалды түрде;

  • Менің сөздерім - ең жақсы сөздер;

  • Менің тыңдаушыларыма  мені жылы қабылдап, тыңдауға әзір;

  • Мен өз тыңдаушыларыма ұнаймын, сондықтан олардың алдында сөйлегім келеді;

  • Мен сөз сөйлеп тұрғанда қалай демалуды білемін;

  • Мен сенімділік пен достық қарым - қатынасты таратамын;

  • Менің шешендік деңгейім жоғары деңгейде;

  • Олар менің сөйлей түскенімді қалауы мүмкін, бірақ мен өз сөзімді олар ойлағаннан бұрынырақ аяқтаймын;

  • Мен өз сөзімді аяқтағанда жасалған жұмыстың нәтижесіне риза боламын. Кейде көпшілік алдына шыққанда қысылып, ұялып немесе айтатын сөзімізді ұмытып қалатын сәттер болады. Ол үшін алдын ала дайындалудың маңызы зор.

Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу шешендік өнердегі маңызды да жауапты кезең. Д. Карнеги: «Сөйлейтін сөзін алдын ала дайындамай, көп адам түзелмес қате жібереді»,- дейді. Сондықтан да, көпшілік алдында сөйлеудің алдыңғы алғышарттарын есте сақтап алған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет