Сонымен қатар биосфераның төменгі деңгейін температура шектейді.
+50 °C-тан жоғары және –60 °C-тан төмен жерде, қоршаған ортада тек споралар, бактериялар немесе көкшіл жасыл балдырлар ғана болады.
Биосфера туралы ғылымның негізі
Биохимиялық зерттеулер
Оттегі мен көміртегі айналымдары
Вернадский зерттеген Жердегі ең көп тараған химиялық элементтер
Бұл айналымдар организмдердің қатысуымен жүретін процесс. Осының нәтижесінде жаңа тіршілік пайда болады.
Айналымдардың биосфералық циклі:
фотосинтез үдерісі кезінде жасыл өсімдіктер арқылы биологиялық өнім деп аталатын органикалық заттардың түзілуі;
жануарлардың тіршілік әрекеті арқылы бұл өнімнің екінші кезектегі биологиялық өнімге айналуы;
бактериялар мен саңырауқұлақтардың бірінші және екінші кезектегі биологиялық өнімді жоюы.
1
2
3
Ауа қабығын, топырақты, мұхитты және басқа да табиғи жүйелерді біртұтас зат ретінде қабылдауға не мүмкіндік берді?
Биосфераның барлық бөліктеріне тән үдерістер барма?
Органикалық заттардың ыдырауы дәл осы үдерістің мысалы бола алады.
Органикалық заттардың ыдырау үдерістері биосфераның барлық аумағында жүреді, бұл фотосинтезге қарама-қарсы құбылыс.
Тапсырма
Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиді?, дәлелдеңіз.
Жауабы:
Себебі, атмосфераның жоғарғы қабатында тіршілік жоқ, озон қабаты тіршіліктің шекарасын айқындап береді. Осылайша, атмосферада шамамен 20 км биіктікке дейін тіршілік жалғасады.
Тапсырма
Литосферада төменгі шегарасы қандай заңдылық бойынша анықталады? Неліктен?
Жауабы:
Ол жер қойнауының температурасымен және судың сұйық күйде ену деңгейімен айқындалады.
Қорытынды
Биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтауды үйрендіңіздер.