Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады



бет1/3
Дата01.12.2022
өлшемі110,02 Kb.
#54204
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
5-сабақ «Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын


САБАҚ: 1-бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз
Тақырыбы: Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу
мақсаттары


Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттай алады. (Т/Ж1)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығарманың мазмұнын меңгереді, тақырыбы мен идеясын анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығарманың жанрына қарай сюжеттік дамуын сипаттай алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарманың композициялық құрылымына қарай ажыратады

Бағалау критерийі

  • Шығарманың мазмұнымен танысады;

  • Жанрын, тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Жырдың композициялық құрылымына талдайды

Оқыту деңгейі

Түсіну, талдау

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

шығарманың жанрына қарай сюжеттік дамуын сипаттай алады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ар, намыс, махаббат, туған жер, батыр; т.б

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

батыл, намысшыл, елін қорғау, ұлтшыл

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Жырдың тәрбиелік маңызы қандай?

  • Жырдан қандай әсер алдыңыз?




Ишара
Тамаша! Керемет! Жарайсың!

Не себепті ..... деп ойлайсыз?
Қазақ тілі әлемдік тілдер қатарына қосылу үшін не істеу керек?

Құндылықтарға баулу

ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге тәриелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Эпостық (батырлар) жырлар

Сабақтың барысы

Кезеңдер
уақыты


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Қызығушылық ояту
4 минут

Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) білім алушыларды түгендеу,
б білім алушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Сыныпқа психологиялық ахуал туғызу. «Менің бүгінгі жаңалығым ... ». Бір – біріне жаңалық айтады, жылы лебіздерін білдіреді.
«Тірек сөздер арқылы топқа бөлу» 4 топқа (батыр, ақыл, парасат, қайсар)
Топтарға бөлінген оқушылар топ басшысын өздері тағайындайды. Бағалау парақтары үлестіріледі


Білім алушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Батырлар жыры әдебиеттің қай түріне жатады? Жазба әдебиет
2. Қандай батырларды білесіңдер? Бәйдібек, Қамбар,Алпамыс
3. Батырлар жырының эпостық жырдан айырмашылықтары қандай? Батырдың өмірі ерлігі

Оқу құралдарын дайындайды, нұсқаулықты орындауға белсенділік танытады. Жағымды жұмыс ортасы құрылады. Оқушылар өз пікірлерін дәлелмен жеткізеді



Интербелсенді тақта

Мағынаны тану кезеңі

«Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының ең көлемді батырлар жырының бірі.
Жырдың негізгі тақырыбы- жері мен елін сыртқы жаудан қорғау, осы жолда ерлік көрсеткен ер- азаматтардың батырлық істерін көрсету.
«Қобыланды батыр» жырының ең көне түрі бізге жетпеген. Өйткені жырды жырлаған ақын, жырау, жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жырының бірнеше нұсқасы бар. Аталған жырды Марабай жырау, Мергенбай жырау, Біржан Толымбайұлы, Мұрын Сеңгірбайұлы сынды жыршы- ақындар жырлаған.
2 тапсырма. Дәптермен жұмыс жалпысыныптық жұмыс. Мұғалімнің түсіндіруі бойынша жыр туралы анықтаманы жазу
Қобыланды батыр жыры – қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен. Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған. «Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. 1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1939 жылы С.Мұқанов, Батырлар жыры“, „Батырлар“ деген жинақтарға енгізген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет