5.Т/А2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді түсіну, көтерілген мәселелерді анықтау:
5.ӘТН1. Дауысты дыбыстардың емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ мақсаттары
әр түрлі жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсініп, мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;
Берілген бейнебаянды көре отырып, сабақ мақсатына болжам жасап көрелік.
https://www.youtube.com/watch?v=A2pqXseacAc
Дескриптор: - сабақ мақсатына болжам жасайды.
Мағынаны тану кезеңі
33 минут
1-қадам. АНЫҚТАМА БҰРЫШЫ.
Хат – белгілі бір адамға жеке туындысы. Нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Хат жазу үлгісі: Сәлемдесу (хат жолдаушының жасын, әлеуметтік жағдайы мен қарым-қатынасты ескеру керек). Жазу барысында (мазмұнды баяндау, қорытынды жасау, авторға тілек айту, хаттың безендірілуі (күні, қолы, сауаттылық, тазалық, қағаздың сапасы)
1-ТАПСЫРМА. Венн диаграммасы арқылы әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мазмұнын түсініп, мәтінде көтерілген мәселені анықтаңдар.
№ 1-мәтін. Біз қалай сөйлесеміз?
Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы этикет деп айтылады. Осы әдеп ережелерінің тіл арқылы жүзеге асатын жағын «сөз этикеті » дейміз. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады.
Халық әдебі “Сіз” деген сөзден басталады. Бұл – сыйласымды, құрметтеуді білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс – қимылына тәуелденіп айтылғанда, бұл сөз “ыңыз”, “іңіз” қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. Мысалы, дастарқан мәзірінде “астан алыңыз”, құрметтеу ниетін айтқанда “төрге шығыңыз”, тағы сол сияқты. Қазақ халқында өзінен біраз жасы үлкен болсын, кіші болсын , бейтаныс адамға “Сіз” деп сөйлеу салтқа айналған. Кей жағдайда “кешіріңіз”, “ғапу етіңіз” деп өз кемшілігін мойындаған адам әдептілік көрсетеді. Ол әдепті сөздерге “оқасы жоқ” деп жауап беру де әдептілік болып табылады. Әдептілікті білдіретін сөздер – құрметтеу, ардақтау, бағалау сөздер. Мысалы:“Аса құрметті атамыз, ардақты анамыз, тағы басқалары. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады .Басқа адамнан көрген қызмет пен жақсылық үшін “рақмет” айту да әдептілікке жатады. Бұл сөзге “денсаулығыңызға бұйырсын”, “көңіліңіз қош болсын”, тағы басқа жауап айтылады.
Жақсылыққа жақсы сөз айтып, ризашылық білдірмеу әдепсіздік болады. Үлкен адамға қызмет ету үшін немесе оның тарапына қарай бір іс - әрекет жасау үшін, “рұқсат етіңіз”, “мүмкін бе?”, “мүмкін болса”, “ренжімесеңіз” деген сияқты уәж сөздер айту әрі мәдениеттілікті, әрі әдептілікті көрсетеді. Үлкен адамның алдында дөрекі қимыл жасап, сөкет сөздер айту әдептілік емес.
Әдепті сөздер – ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам – мәдениетті де әдепті адам.
№ 2-мәтін. Атамның хаты
Амансың ба , менің сүйікті немерем!
Ата-бабамыз: «Сөз қадірін өз қадірім» деп түсінген халық екенін жақсы білесің. Атам қазақ сөздің алар орнын жете түсініп, сөз сөйлей білуді ежелден-ақ өнер ретінде бағалаған. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді» деп тегін айтпаған.
Балам, ақыл-ойдың алыбы Абай атамыз: «Сөзіне қарай кісіні ал, ал кісіге қарап – сөз алма» деген ғой. Үлкен адаммен дұрыс сөйлес, ізетті бол, сыпайылық сақта.
Сөз – құдіретті күш. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»,- дейді дана бабаларымыз. Ойланып сөйле, адам жүрегін жаралайтын ауыр сөз айтпа. Ойланбай айтылған ауыр сөз адам зердесінде кейде өшпес өз таңбасын қалдыратынын ұмытпа.Ондай ауыр сөз адамды ренжітетінін , жасытатынын, жігерді құм ететінін әрдайым есіңе сақта.
Отбасы – баланың тіл «сындыратын» бірінші мектебі. Сондықтан ата-анаңның, әжең мен атаңның сөз әдебі жайлы айтқан ұлағатын үнемі есіңе сақта. Әрдайым әдепті сөйле. Өрескел, тыңдауға ерсі , сөлекет сөздерді қолданба.