І.Ұйымдастыру кезеңі
( Оқушыларды түгендеп ,сабаққа назарын аударамын. Сабақ мақсатымен таныстырамын)
ІІ.Қызығушылықты ояту
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды
1.Сюжеттің басталуы: Кендебайдың дүниеге келуі;
Сюжеттік байланысы: Кендебайдың көкжалды өлтіріп, құлынды құтқаруы;
Сюжеттің шиеленісуі: Керқұла құлынды асырап, онымен аң аулап, елге қамқорлық жасауы;
Сюжеттің шарықтау шегі: қозы баққан баламен кездесуі;
Шығарманың шешімі: баланың ата –анасын құтқарып, еліне аман –есен оралуы.
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.
Фабула (лат.Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу.
Сюжет (фр.sujet – зат) – өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі.
Образ, көркем образ – шындықтытанып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория
https://www.youtube.com/watch?v=DJFyBaa8ziw
Тыңдалым.
Балалар, енді Кендебай батырдың бойынан қандай қасиеттер көргендігімізді топтастырайық.
Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанға жәрдем беріпті.
Қамқорлығы: Қарасудың бойындағы жыртық үйлі кеделерді аң аулап асырауы.
Жанашырлығы: жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі.
Кішіпейіл: хан қызының ақылын тыңдап, «Айрылғырдың суы айырыл!» деуі.
Адалдығы: жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі.
Шыдамдылығы: шаршаса да түн бойы көз ілмей құлынды күзеткендігі.
Ақылдылығы: ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін
босатуға рұқсат сұрағандығында.
|