Такырыбы №2: Білім беруді цифрландыруды дамыту көрсеткіштері. Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы.
Мақсаты: Берілген тақырып бойынша білімдерін кеңейту
Сабақ мазмұны
1. Интернеттендіру, ауқымды желімен қамтамасыз ету.
2. Білім беру жоспарлары мен бағдарламалары.
3. «Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы.
4. ҚР СТ 34.017-2005.
5. Ақпарттық технологиялар.
6. Электрондық басылым.
7. Электрондық оқу басылымы.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында қазіргі өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Тіпті ақпараттық мемлекет деген жаңа термин пайда болды. ҚР Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы мақалада біз оның негізгі міндеттері мен бағыттарын толық анықтауға тырысамыз.
Ақпараттық қоғам дегеніміз не?
Ақпараттық қоғамда басты ресурс ақпарат болып табылады, дәл осы ақпаратқа ие болу негізінде әр түрлі процестер және құбылыстар туралы кез келген қызметті тиімді және оңтайлы құруға болады. Ақпараттық қоғамды дамытудың негізгі белгілері компьютерлердің болуы, компьютерлік желілерді және сондай-ақ күнделікті қызметте ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдаланатын, ақпараттық салада қамтылған халықтың санын дамыту деңгейі болып табылады.
Ақпараттық қоғам дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың дамыған және қол жетімді инновациялық және ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымы есебінен халықтың хал-ахуалының жоғары деңгейіне жетуге бағытталған.
Қазақстан өз кезегінде жаһандық ақпараттық қоғамның қалыптасу процесіне барынша үлес қосуда. Сол себепті барлық қажетті шарттарды тудыру үшін «Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы әзірленген, олар біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғам Қазақстандық келешекте
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамды жаңғыртудың маңызды факторлары адамдардың өмір сүру салтына, экономикалық көрсеткіштерге ықпалы АКТ қазіргі Қазақстан азаматтарының өмірі мен экономикасы үшін АКТ даму маңыздылығын сипаттайды.
Соңғы жылдары АКТ секторында Қазақстан маңызды серпін жасады.
Почта байланысы, телекоммуникация саласы және интернетке рұқсат белсенді дамып келеді.
Халыққа және бизнеске ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ қызметін жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары, виртуалды қабылдау, интернет-конференциялар арқылы халық пен мемлекеттің кері байланысы мен диалогының механизмдері іске асырылды. Бірақ ақпараттық қоғамды құру осымен аяқталмайды, үздіксіз жұмыс жүргізілуде.
Бағдарламада қол жетімді электронды денсаулық сақтаудың қызметтерін алуға, қашықтықтан жұмыс істеуге, өмірлік оқу және дайындық, электрондық білім арқылы ақпараттық технологиялармен жұмыстардың дағдыларын алуға және меңгеруге азаматтарға мүмкіндіктер тудыру үшін шарттар көзделген. Сондай-ақ біздің елдің неғұрлым ашық, қол жетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру мақсатында Бағдарламамен экономиканың негізін қалайтын саладағы зияткерлік жүйелерді барынша көп енгізу көзделеді.
Қазақстанның ақпараттық қоғамға ауысуын іске асырудың соңғы кезеңі «Ақпараттық Қазақстан - 2030» Мемлекеттік бағдарламасы болады деп күтілуде.
«Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасының негізгі мақсаты ақпараттық қоғамға Қазақстанның ауысуын қамтамасыз ететін шарттарды тудыру.
Негізгі міндеттер - мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін, инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру, сондай-ақ отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 1-кезең: 2013-2017 жыл, 2-кезең: 2018-2020 жыл.
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде республика келесі шешуші көрсеткіштерге жетуі тиіс:
Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
елдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі – 4%;
Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.
Дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына қатынасы бойынша көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтер үлесі, - 80 %.
Мемлекеттік органдардың барлық деңгейлерінде ақпараттық технологияларды қолдану бақылау тәртібін қамтамасыз етеді, деректердің қосарлануын жояды, ол бюджет шығынын қысқартуға мүмкіндік береді және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттырады.
Осы міндеттер қалай іске асырылатын болады?
Мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық-талдау ортасы әзірленетін болады. «Электрондық үкіметтің» байланыс орталығы базасында мемлекеттік қызметтерді көрсету, көрсету сапасына шағымдар мәселелері бойынша бірыңғай Call-орталық әрі қарай дамиды.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен заңды және жеке тұлғалардың ресми ақпараттық өзара әрекетіне арналған азаматтың бірыңғай жеке кабинеті құрылатын болады.
Оның жұмысында қолданылатын АКТ білімнің қажетті деңгейіне дейін сол немесе өзге саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын арттырудың мамандандырылған курстары ашылатын болады, қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту мәселесі пысықталатын болады.
Шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыспен қамтылған жастар үшін, сондай-ақ денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының санаттары үшін электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу және компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдылары бойынша курстар өткізілетін болады.
Денсаулық сақтауды дамыту мақсатында саланың жетекші мамандарымен кеңестер және консилиумдер, телекөпірлерді қажетті жағдайларда ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың қорғалған бірыңғай желісі құрылатын болады.
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін және рұқсат беру жүйесін жетілдіру.
электрондық білім, денсаулық сақтау қызметтеріне азаматтардың рұқсат алуы, ақпараттық инфрақұрылымның қол жетімділігін дамыту, ашық және «мобильдік үкіметті» құру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша міндеттер шешілетін болады.