Сабақ Мектеп: №68 «Жібек жолы»


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет185/195
Дата02.05.2022
өлшемі2,02 Mb.
#33046
түріСабақ
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195
Байланысты:
130- бұйрық

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.


Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы




(К, И, Ф) «Өзеннен» секіріп өт.

Оқушылар 2 командаға бөлінеді және жалпы старт сызығына бір-бірлеп сап бойынша тізіліп тұрады. Старттан 8 м аралықта екі параллель сызықпен екі метрлік ендіктегі шартты бұлақ белгіленеді, ал тағы 8 м аралықта әр тізбектің алдында бұрылу бағанасы қойылады. Сигнал бойынша тізбектің бағыттайтын ойыншылары бұрылу бағанасына жүгіріп келеді, екпінмен бұлақ арқылы секіріп өтеді, бағананы айналып өтеді, қайтып оралады, бұлақтан өткендей қайта өтеді, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады. Бұлақтан өте алмағаны үшін топқа 2 айыппұл секунд қосылады. Аз уақытта эстафетаны бітірген топ жеңеді.



(К, Г, И, Ф) Казактар-қарақшылар

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінуі керек: «қарақшылар» мен «казактар». «Казактар» тұтқынға түскен «қарақшылар» — «абақтыдағылар» үшін орын табады, ал «қарақшылар» тығылады.

Содан кейін «казактар» іздей бастайды, ал «қарақшылар» оларға міндетті түрде жетіп, ұстауы керек. Тұтқынға түскен «қарақшы» қаша алмайды. Барлық тұтқынға түскендер «абақтыға» отырады, оларды «казак» қарауылдайды. «Қарақшылар» «абақтыдағы» досына хабар айта алады, бірақ ол үшін олар «тұтқынды» ұстауы керек. Егер ол ойыншы бірден қашып үлгерсе, «казак»-қарауылшы оны қайтадан ұстап алады. «Казак» көмекке келген «қарақшыны» да ұстап ала алады. Барлық «қарақшылар» «абақтыға» түскен кезде ойын аяқталады. Содан кейін ойынды қайтадан бастауға болады, ал ойыншылар өз рөлдерімен алмасады.


Физикалық дене шынықтыру сабақтарындағы іс-қимыл ойындары:http://festival.1september.ru/articles/566873/
Үлкен кең алаң, мұғалімге арналған ысқырық, «абақты» зонасының белгісі.

6-12 жас аралығындағы балаларға арналған дамытатын іс-қимыл ойындары:



http://www.idealdomik.ru/yenciklopedija-poleznyh-sovetov/deti-i-roditeli/razvivayuschie-podvizhnye-igry-dlja-detei-ot-6-do-12-let.html

Сабақтың соңы



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалімсекіру, сермелу тапсырмаларында, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы тапсырмаларға байланысты басқа да баламалы нұсқаларына ұсыныстар жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет