Сабақ Мектеп: №68 «Жібек жолы»


Сабақтың жоспарланған кезеңдері



бет91/195
Дата02.05.2022
өлшемі2,02 Mb.
#33046
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   195
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.


Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы




(К, Г, Ф) «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар»

Ойыншылар шеңбер жасайды. Шеңбердің ортасында жүргізуші тұрады, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Жетекші (оқушы болуы да мүмкін) барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.



(Г, К, Э) «Альпинисттер». «Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.

Үлкен кең алаң, ысқырық, бор, Швед қабырғасы, гимнастикалық баспалдақ, дистанцияны белгілеуге арналған конустар.



Сабақтың соңы



Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім қозғалмалы ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы ойындарға байланысты басқа да нұсқаларды ұсынуға ұсыныстар жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   195




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет