Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебі
Дүниетану
Ашық сабақ
«Мектеп – білім беретін мекеме»
Өткізген: Имашева В.Ж.
Тақырыбы: Мектеп – білім беретін мекеме
Мақсаты: 1. Оқушыға әрбір адам білім алу керектігі туралы ұғымды
қалыптастыру. Білім беретін мекемелермен таныстыру.
2. Оқушылардың әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ойын
дамыту.
3.Оқушыларды мектебіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: ассосация, 5 жолды өлең, кубизм, эссе
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Барысы
І. Қызығушылықты ояту
I. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жақып атасын қалай шақырды?
2.Атасы ас ішер алдында не деді?
3. Тамақ ішер алдында қандай сөз айтылды?
4. Астан кейін айтылған алғыс?
5. Астан кейінгі айтылған атаның батасы?
6. Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсын?
Осы ережелерді біз қайдан үйренеміз? Кім үйретеді?
II. Мектеп туралы не білеміз? (ассосация құру)
өнер тәрбие оқу
әдептілік ережесі Мектеп
мұғалім шеберлік білім
ІІ. Мағынаны тану.
1.Ы.Алтынсарин - ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан ағартушы ақын,
жазушы. А.Байтұрсынұлы - ақын, мемлекет қайраткері. Ол ұлттық әліпбиді
тұңғыш рет жасап жаңа үлгі ұсынды. Ол « Оқу құралы» атты тұңғыш
әліппелердің бірін жазды.
2.Қазір білім беру саласы жаңаша дамып жатыр. Біздің елімізде оқымайтын,
білім алмайтын бала жоқ. Жаңаша үлгіде қаншама мектеп, оқу орындары бар.
Оқу орындары туралы қазір біз мәтіннен оқып білеміз.
3. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу;
Мәтіннің бірінші бөлімімен жұмыс.
университет гимназия лицей
Білім мекемелері
институт мектеп колледж
4
Мектеп – білім беретін мекеме. Ол – жоғарғы оқу орнына апаратын
алғашқы баспалдақ.
(Оқу орындарының суреттері көрсетіледі)
Мәтіннің екінші бөлімімен жұмыс.
Информатика пәні туралы әңгімелеу.
Компьютер барлық жерде қолданылады. Сондықтан компьютермен жұмыс
жасауда үйрену мақсатында мектептерде «Информатика» пәні кіргізілді. Бұл
сабақта компьютермен жазуды, есептеуді, сурет салуды үйренесіңдер.
5. Дидактикалық ойын «Сөйлемді аяқта»
1. Мектепте оқушыларды мұғалім.......
2.Математика сабағында .........
3. Қазақ тілі сабағында..........
4. Дүниетану сабағында....
5. Дене тәрбиесі сабағында........
6. Информатика сабағында..............
Сергіту минуты: Мектеп туралы ән
6. Шығармашылық тапсырма.
І- топ. Өлең құрастыру
.......... сыныбың
............оқисың
...............кіресің
............шығасын.
ІІ-топ. 5 жолды өлең
1.Кім? Не?
2. Не істейді? (3 сөз)
3. Қандай? (3сөз)
4. Сөйлем
5.Мәндес сөз
ІІІ-топ. Эссе жазу
«Менің мектебім»
ІІІ. Ой толғау.I Кубизм әдісі.
1. Сендердің мектептегі міндеттерің қандай?
2.Мектебіңе қандай тілек айтар едің?
3. Жақсы оқу үшін не істеу керек?
4.Мектепте кімдер жұмыс істейді?
5. Білім мекемелерін ата.
6.Мектебіңнің қандай болғанын қалар едің?
II Мектеп - кеме, білім – теңіз,
Барар жолға біз жетерміз.
Қ.Аманжолов (мағынасын ашу)
Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу.
Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.