Сабақ: Мектеп: Семей ұаласындағы фмб назарбаев Зияткерлік мектебі Күні


Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі36,1 Kb.
#20349
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1 10klass qisyq-syzyqty-qozgalys sabaq-zhospary

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер; Орын ауыстыру. Қисық сызықты қозғалыс, дененің шеңбер бойымен қозғалысы.



қазақша

орысша

ағылшынша

Сызықтық жылдамдық

Линейная скорость

linear velocity

Бұрыштық жылдамдық

Угловая скорость

angular velocity

Бұрылу бұрышы

Угол поворота

angle of rotation

Қисық сызықты қозғалыс

Криволинейное движение

curvilinear motion

Шеңбер бойымен қозғалыс

Движение по окружности

Circular Motion

Айналу периоды

Период обращения

The period of revolution

Айналу жиілігі

Частота обращения

frequency of treatment

Қисық сызықты траектория

Криволинейная траектория

curved trajectory




Осыған дейін меңгерілген білім

7-9 сыныптардағы кинематика – бірқалыпты қозғалыс жылдамдығы, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс, үдеу, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс, бұрыштық жылдамдық, салыстырмалы қозғалыс. Оқушылар уақыт аралығы және уақыт мезеті ұғымдарын ажырата алады.

Жоспар

Жоспар-ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы


Сыныпты сабаққа ұйымдастыру.

Activity “Мақсатты анықтайық”.

Мұғалім бөлме ішінде орын ауыстыру жасап оқушыларға тақырып бойынша демонстрация көрсетеді. Демонстрация бойынша Оқушылар өздері сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені, бағалай критерийлерін айқындайды

Егер оқушылар тақырыптан ауытқыса, мұғалім көмектеседі. Сабақтың мақсаты жарияланады. Күтілетін нәтижелер айтылады.






Сабақтың ортасы


(G) Оқушылармен талдау жасалады.

Оқушылардан шеңбер бойымен қозғалысқа мысалдар келтіруді сұрайды.



(W) Айналу периоды мен жиілігі, сызықтық және бұрыштық жылдамдық ұғымдарын енгізу.

(D) Жартылай сумен толтырылған шелекті алып, жіпке байлап және шелекті көлденең бағытта шеңбер бойынша айналдыра алады. Айналу жылдамдығы шелектегі су қалатындай яғни төгілмейтіндей барынша жоғары болады! Нұсқа ретінде жіпке байланған дене көлденең бағытта шеңбер бойымен айналдырылуы мүмкін.

Екі жағдайда да жіп қатты байланғандығына көз жеткіземіз және бұл сумен тәжірибені сыныптан тыс жерде орындатуға болады. Оқу ресурстары қажетті құралдарды қамтиды
Теориялық мағлұмат презентацияда көрсетіледі және bilimland.kz сайтынан ақпараттар талданып беріледі.

Қисық сызықты қозғалыс

Теориялық түсініктеме


Тақырыптың екінші бөлімі бойынша:
Мұғалім жіп және жүкпен (оқу ресустарын қараңыз) көрсетілімді жүргізе алады және v = 2πr/T теңдеуін пайдаланып, м/с алынған жүктің айналу жылдамдығын анықтай алады, мұндағы Т айналу периоды.
(G) Оқушылармен талдау жасалады.

Оқушылардан дөңгелек орбита бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу туралы болжамдарын сұраңыз.



Жылдамдық пен үдеудің бағытының өзгерісін көрсету үшін модельдеу немесе видеоролик пайдаланылады.

Центрден тартқыш үдеу бойынша видео:

http://www.youtube.com/watch?v=-G7tjiMNVlc

Ескерту:

Оқушылар дененің сызықтық жылдамдығы тұрақты болатындығын тек дененің қозғалыс бағыты өзгерген кезде өзгеретіндігін түсінулері тиіс.

Векторлық жылдамдықтың өзгеруіне байланысты дене үдей қозғала бастайды және осы үдеу әрқашан қозғалыс центріне бағытталған.

(G) Осыған байланысты оқушыларға шеңбер бойымен қозғалған денені қарастыруда жетелеу сұрақтары қойылады.


  1. Дене шеңбер бойымен қозғалғанда оның жылдамдығы өзгереді ме? Жауабынды түсіндір

  2. Дененің қозғалыс бағыты өзгергенде сызықтық жылдамдық бағыты өзгеретіндігін сипаттаңыз.

  3. Векторлық жылдамдың өзгеруі дене қозғалысына әсері болады ма? Қандай әсер болады?

  4. Пайда болған үдеу әрқашан қалай қарай бағытталады?

(I f) Оқушылар центрге тартқыш күшті анықтауға арналған есептерді шығарады.

Қалыптастырушы бағалау «Қисық сызықты қозғалыс»

Тақырыптық презентация

ұшақ қозғалысындағы «өлі тұзақ»



https://www.youtube.com/watch?v=6l-U0iPdVAQ

Шеңбер бойымен қозғалысқа симуляция: https://phet.colorado.edu/en/simulation/legacy/rotation

http://www.youtube.com/watch?v=-G7tjiMNVlc

Есептерді іріктеп алу үшін: «Шеңбер бойымен қозғалыс» 9 сынып

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/f180875c-b346-40c2-8f56-9e28adb6848e/9_229.swf

Қосымша


Сабақтың соңы


 Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Серіктестіктеріңізбен сөйлесіңіз

  • Үйренген 3 жаңа мәліметтермен бөлісіңіздер

  • Сіздер үшін жеңіл болған мәліметтермен бөлісіңіздер

  • Сіздерге қиындық туындатқан мәліметтермен бөлісіңіздер

  • Келесі жолы міндетті түрде оқып келетін мәліметтермен бөлісіңіздер




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Мектеп директорының оқі ісі жөніндегі орынбасары: О. Маханбетов

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет