Сабақ Мұғалімнің аты-жөні: Пән/Сынып: 1 сынып Қай аптаның нешінші сабағы 24-сабақ



Дата13.10.2024
өлшемі0,6 Mb.
#147936
түріСабақ
Байланысты:
24 сабақ Кесінді. Сынық сызық


24-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

1 - сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

24-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Геометриялық фигуралар

Сабақтың тақырыбы:

Кесінді. Сынық сызық

Оқу мақсаты:

Кесіндінің,сынық сызықтың не екенін білетін боласың;
Оларды сызып үйренесің.

Бағалау критерийі:

Барлық оқушылар: Геометриялық фигуралар кесінді, сынық сызықты бір-бірінен ажыратады және атайды
Көптеген оқушылар: Геометриялық фигуралар кесінді, сынық сызықты сызғыштың көмегімен салады
Кейбір оқушылар: Лентаның көмегімен геометриялық фигуралар кесінді, сынық сызықты көрсетеді.



Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі



Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру:
Психологиялық ахуал
Күлімде күн, күлімде,
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!



Оқушылардың назарын сабаққа аудару




Презентация № 1бет

7-8 минут

Жаңа сабақ

Сабақ “кесінді” мен “сынық сызықтың” негізгі геометриялық ұғымдар болып табылатынын түсіндіруге бағытталған. Кесінді — екі нүктемен (кесіндінің ұштары) шектелген түзу сызықтың бөлігі. Кесінді-нің ұштары болады. Кесіндінің негізгі қасиеті — ол оның ұзындығы. Кесіндінің ұзындығы — оның екі шетінің арасындағы арақашықтық. Математикада кесінді латынның екі бас әрпімен белгіленеді. Сынық сызық — бұл геометриялық фигура, ол бір түзудің бойында жатпайтын нүктелерді кесінділермен қосқанда алынады. Сынық сызықтың төбесі — сынық сызықты құрастыратын кесінділерді біріктіретін нүктелер.
-Сынық сызық бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралады. Бір кесіндінің ұшы екінші кесіндінің ұшымен бірігеді. Әрбір кесінді сынық сызықтың буындары деп аталады. Әрбір буынның жалғасқан жерлерін сынық сызықтың төбесі деп атаймыз.
Өзіндік жұмыс: -Лентаның көмегімен түзу, қисық сызықты, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды көрсету:


Кесінді, сынық сызық туралы түсініктерін кеңейтеді.
Кесінді салуға дағдыланады.




Презентация № 2бет

8 минут

Тәжірибе

Кітаппен жұмыс
№1 Кесіндіні тап.

Жауабы: АВ кесіндісі
№2 Сынық сызықты құрастыр. Орындап көр.

Сары түсті кесіндіні салыстыру қиындық туғызуы мүмкін. Себебі,олар перпендикуляр орналасқан.
Жауабы:сары және жасыл кесінділер ұзындықтары бойынша бірдей болады.

Тәжірбие жасау арқылы басқа сызықтардың арасынан кесінділерді таба білу.

-кесіндіні табады.
-сынық сызықты құрастырады.
-кесінділерді салыстырады.

Презентация № 3бет

3 минут

Бекіту

Жеке тапсырма ұсыну.

Жауабы: ОТ кесінді қысқа
Дәптермен жұмыс: 65-66 бет, 47-48- жұмыс парағы
1.Кесінділер сызу.Онда неше кесінді көрсетілген. Кесінділердің атауларын жаз.
Жауабы: 3 кесінді: АВ, АС, СВ.
2. Есептерді шеш.

Тақырыпты меңгергенін анықтау

-кесінді мен сынық сызықты ажыратады;
-кесінді мен сынық сызықты сызады;
-Кесінді мен сынық сызықты әріптермен белгілеуді меңгереді;

Презентация № 4бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет