Мағынаны тану кезеңі Тыңдалымалды тапсырмасы Оқушыларға «Х ғасырдағы Киев Русі» ақпараттық мәтіндерді тарату. Мәтінмен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:
1. Ежелгі Киев Русінің билеушісіне қандай сипаттама берер едіңіз?
2. Х ғасырда Киев Русінде қандай саяси өзгерістер орын алды?
3. Х ғасырда Киев Русінде қандай экономикалық өзгерістер орын алды?
4. Х ғасырда Киев Русінде қандай мәдени өзгерістер орын алды?
5. Х ғасырда Киев Русінде қандай әлеуметтік өзгерістер орын алды?
Оқушылар Киев Русінің книягинясы өте қатал, қаһарлы болды, оның басты себебі феодалдық бытыраңқылық әсер етті. Алайда, Ольга орталықтанған мемлекет құруда өте маңызды рөль атқарды.
Оқушылар тарихи түпдеректермен жұмыс жасайдыжәне екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Батыс Рим империясы сыртқы саясатында қандай қағиларды берік ұстанды?
2. Шығыс Рим империясы сыртқы саясатында қандай қағиларды берік ұстанды?
3. Шығыс Рим империясы Киев Русімен қаншалықты санасты?
Түсіндіру: Ольга христиан дінін қабылдауы, Киев Русіндегі христиандық топтарды қолдауы қажет еді, алайда, бүкіл халық оның артынан ермеді. Пұтқа табынушылардың ықпалы сақталды. Олар Святославтың майында топтасты, оның ұлына христиан сенімі туралы ұлағаттарына құлақ аспады.
Кейбір жағдайларда славяндардың христиан дінін қабылдауына саяси жағдай себеп болса, мысалы, Бұлғарияда оппозиция христиан дінін қабылдауға қарсылық білдірді. Шіркеу мен мемлекеттің тығыз қарым-қатынасына қарағанда, белгілі бір халық Византиядан христиан дінін қабылдаған сәттен, Византия императоры шіркеудің басшысы ретінде константинопольдік патриахтың билігін ғана мойындап қоймай, императордың да билігін мойындауды талап еткен.
Императорға бағынуға қарсы әрекет ретінде әрбір славян халқы патриахтың билігін шектеудің жолын қарастырды. Сондықтан әрбір славян халқы жеке Шіркеуін ұйымдастыруды ойластырды.