ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Емдік тамақтану бойынша өткен тақырыпқа пысықтау жүргізу:
І топ- Емдік тамақтану негізі мен мақсаты
ІІ топ – Диетикалық тамақтану түрлері
«Жасырын жәшік» ойынында төмендегі тақырыптар бойынша үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар жасырылды.
Зат алмасу
Адамдардың жас айырмашылықтарына байланысты тамақтану топтамаларының ерекшеліктері
Емдік тамақтану түрлері
ІІІ. Жаңа тақырыпты жеткізу кезеңі. Микроорганизм дегеніміз не? Қоршаған ортадағы микроорганизмдердің бізге тигізер қандай әсері бар? Жалпы бүгінгі сабақта біз осы микроорганизмдерге жалпы түсінік береміз және оның қоршаған ортадағы орыны мен тигізетін әсерін талқылайтын боламыз.
Жаңа тақырыптың жоспары:
Презентация «Микроорганизмдерге жалпы түсінік және оның қоршаған ортаға тигізер әсері».
Глоссарий:
1. Микробтар тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер.
2. Прокариоттар – қарапайым ядросы бар микроорганизмдер.
3. Эукариоттар – нағыз ядросы бар микрооргинизмдер.
4. Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Аэробты – оттегі бар орта.
Анаэробты – оттегі жоқ орта
ІV. Студентердің өзіндік жұмысы. Өзіндік жұмыс тапсырмасы бойынша әр топ өздеріңіздің алдарыңызда тұрған суреттің ішінен пайдалы және зиянды микроорганизмдерді бөлін жазу қажет.
V. Тақырыпты бекіту.Бұл кезеңде студенттер бүгінгі алған білімдерін пысықтау мақсатында микроорганизмдерге байланысты сұрақтарға жауап беру.