Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет32/43
Дата29.09.2023
өлшемі496,67 Kb.
#111310
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
3.3 Валенттік байланыс әдісі.



Химиялық байланыстың түзілу механизмін қарастырғанда екі әдіс қолданылады. Біріншісі - валенттік байланыс әдісі, екіншісі - молекулалық орбитальдар әдісі.
Валенттік байланыс әдісінің негізгі қағидалары.
1.Коваленттік байланысты спиндері қарама-қарсы болып келетін екі электрон түзеді.
2.Коваленттік байланыс түзілгенде, электрондардың толқындық функциялары бір-бірімен бүркеседі, сондықтан екі атомның арасындағы электрон бұлтының тығыздығы арта түседі. Жүйеніңœэнергиясы азаяды.
3.Коваленттік байланыс әрекеттесетін атомдардың электрон бұлттарының көбірек бүркескен жағына қарай бағытталады.



3.4 Молекулалық орбитальдар әдісінің негізгі қағидалары:





1. Молекула - біртұтас жүйе, ондағы барлық электрондар сол молекулаға ортақ.
2.Молекуладағы электрон атомдағыдай бір ядроның өрісінде емес, молекула құрамындағы барлық ядролар өрісінде болады.
3. Молекуладағы әрбір электронға молекулалық орбиталь сәйкес келеді.
4.Молекулалық орбитальдарға электрондардың орналасуы орбитальдардың энергиясы өсуіне қарай Паули принципі және Хунд ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.


Байланыстыратын және босаң орбитальдар.
Молекулалық орбитальдар атом орбитальдарының қосылуы немесе алынуы арқылы түзіледі. Атом орбитальдары қосылғанда, жаңадан түзілген молекулалық орбитальдың энергиясы төмен болады - бұл байланыстыратын орбиталь.
Атом орбитальдарының функциялары бір-бірінен алынғанда түзілген молекулалық орбитальдың энергиясы жоғары болады - бұл босаң орбиталь.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет