Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Салыстырмалы атомдық массаларды есептеу



бет21/43
Дата29.09.2023
өлшемі496,67 Kb.
#111310
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Салыстырмалы атомдық массаларды есептеу
4-кестеде табиғи темірдің изотоптары келтірілген.
4 – кесте

Салыстырмалы
изото
тық масса

Салыстьрмалы
мөлшері, %

54

5,8

56

91,7

7


2,2

58

0,3

Темірдің салыстырмалы атомдық массасын есептеу үшін 3-кестедегі деректерді пайдаланамыз:
Темірдің 100 атомының орташа салыстырмалы массасы = (54∙ 5,8) + +(56∙91,7) + (57∙2,2) + (58∙0,3) = 313,2 + 5135,2 + 125,4 + 17,4 = 5591,2
Темірдің 1 атомының орташа салыстырмалы массасы − (Аr) = 55,91.


ЕСЕПТЕР

  1. Келесі кестені көшіріп алып, бос ұяшықтарды толтырыңыздар.




Изотоп

Символ

Реттік нөмірі

Массалық сан

Нейтрондар саны

Көміртек-12






12

6

Көміртек-13







13

7

Оттегі-16



8

16




Стронций-90



38




52

Йод-131


























Рубидий-85














2. Келесі атомдардағы протондар, нейтрондар және электрондар санын анықтаңыздар:
   


3. 2-кестедегі деректерді пайдаланып, келесі элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын есептеңіздер.
Са, Вr, CI, Fe


4.Сурьманың салыстырмалы атомдық массасы − 121,75. Сурьманың екі изотобы болады: сурьма-121 және сурьма-123. Осы екі изотоптың табиғаттағы мөлшерін есептеңіздер.
5. Рубидийдің салыстырмалы атомдық массасы − 85,47. Рубидийдің екі изотобы болады: рубидий-85 және рубидий-87. Табиғи рубидийдің құрамындағы рубидий-87 изотобының мөлшерін есептеңіздер.
2.4 Ядролық реакциялар


Радиоактивті заттардың сәулеленуі
Кейбір элементтердің изотоптары тұрақсыз болады: олардың ядролары өз еркімен ыдырайды. Осындай изотоптар радиоактивті изотоптар деп аталады. Радиоактивті изотоптар ыдыраған кезде сәулелер мен бөлшектер түзіледі, осындай құбылыс сәулелену деп аталады. Осындай ыдырау үдерісі радиоактивтілік ыдырау деп аталады, ол өз еркімен ешқандай сырттан тигізілетін әсерсіз іске асады. Кейбір изотоптар өте тез ыдырайды, ал кейбір изотоптардың ыдырауына мыңдаған жылдар қажет.
Тұрақсыз атомдардың барлығының ыдырауы бірдей жүрмейді. Сәулеленудің үш түрі болады: α-, β-, γ-сәулелену. Бұл сәулелердің үшеуі де атомдарға әсер еткенде электрондар бөлінеді, демек атомдар ионданады, сол себептен α-, β-, γ-сәулелерді иондаушы сәулелер деп атайды. 5-кестеде α-, β-, γ-сәулелердің кейбір қасиеттері келтірілген.


5-кесте
α-, β-, γ-сәулелердің кейбір қасиеттері



Қасиеттері

Сәулеленудің түрі

α (альфа)

β (бета)

γ- (гамма)

Салыстырмалы заряд

+2

-1

0

Салыстырмалы масса

4

0,00055

0

Табиғаты

2 протон + 2 нейтрон (гелийдің ядро
ы)

Электрон (ядролық өзгерістердің нәтижесі)

Өте жоғары жиіліктегі электр магниттік сәулелену

Ауадағы өтімділік ұзындығы

Бірнеше сантиметр

Бірнеше метр

Өте үлкен

Таралуына кедергі

Қағаз

Алюминий фольгасы

Қорғасын табақшасы

Электр өрісінің әсері
ен бағытын өзгертуі

Өте аз өзгертеді

Өте көп өзгертеді

Өзгертпейді



Ядролық реакциялардың теңдеулері
Ядролық реакциялардың теңдеулері α- немесе β-сәулелердің бөлінуімен жүретін үдерістерді сипаттайды. Теңдеудегі әрбір бөлшек үшін массалық сан (протондар мен нейтрондардың саны), ядро заряды (атомның нөмірі немесе протондар саны) және химиялық элементтің символы жазылады. Ядролық реакцияның теңдеуінде масса мен зарядтың сақталу заңы орындалуы тиіс, теңдеудің сол жағындағы массалар мен зарядтардың қосындысы теңдеудің оң жағындағы массалар мен зарядтардың қосындысына тең болуы шарт.
α-Ыдырау − α-бөлшектерді бөліп ыдырау болып табылады, ал α-бөлшектер гелий атомының ядролары болып табылады, ыдыраудың бұл түрі реттік нөмірі 83-тен жоғары, ауыр элементтерге тән, ыдырау үдерісі жүрген кезде ауыр ядролардың массасы азаяды. α-Ыдырау нәтижесінде түзілетін изотоптың массалық саны бастапқы атомның массалық санымен салыстырғанда 4 бірлікке кемиді, ал заряд бұл кезде 2 бірлікке азаяды. Мысалы,
 →  +  .
β-ыдырау – электрондар бөлініп жүретін ыдырау. Электрондардың белгіленуі:  . Ыдыраудың бұл түрі изотоптарының құрамында нейтрондар саны көп болатын жеңіл элементтерге тән. Мысалы,

 → +  .


β-ыдыраудың нәтижесінде массалық сан өзгермейді, ал ядро заряды 1 бірлікке артады. Бұл кезде нейтрон протонға айналады және электрон бөлінеді:
  →  .

Айта кететін мәселе, α-ыдырау және β-ыдыраудың нәтижесінде жаңа элементтер түзіледі. Мысалы, уран-238 α-ыдырауға ұшырағанда, торий-234 түзіледі, ал көміртек-14 β-ыдырауға ұшырағанда, азот түзіледі. γ-Ыдырау өзгеше жүреді, бұл кезде жоғары энергетикалық деңгейден төменгі энергетикалық деңгейге өтетін ядродан энергия бөлінеді. γ-Сәулелену кезінде α- және β-бөлшектер түзіледі. Изотоптардан шығарылатын γ-сәулелену өте қауіпті болуы мүмкін, бірақ кейбір изотоптарды өте қатаң қадағалай отырып қолданады, демек пайдаға асырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет