САБАҚ: Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктерінің географиялық жағдайы
|
Мектеп:№50 Абай атындағы орта мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің есімі: Алтайбаева Гүлнар
|
СЫНЫП: 7 В
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары )
|
Дүниежүзілік мұхиттың құрамы және географиялық орналасуы туралы біледі, мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды. Дүниежүзілік мұхит суларын қорғауда ұқыпты қарым-қатынас жасауға үйренеді, зерттеушілік құзіреттіліктері дамиды және экологиялық мәдениетке тәрбиеленеді.
|
Сабақ
мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Дүниежүзі, Қазақстанның және өз аймағының су ресурстарының географиялық орналасу ерекшеліктерін айтады, тақырыптың түйінді түсініктерін естеріне сақтайды және атап береді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Сарамандық тапсырмаларды орындайды, тақырыптың тірек сызбаларын құрастырады , тақырыптың түйінді түсініктерін естеріне сақтайды.
|
|