ІІ. Егер бинарлы қосылыстардың тотығу дәрежелерінің модульдері тең болса, онда формулада индекстер қойылмайды: Са+2О-2 Оқулықпен жұмыс: 1.Жұптық жұмыс. Мектеп оқулығындағы тапсырманы орындап жұптар өз ара ой бөліседі.
Оқулықтағы №2,3 есепті шығарады.
Есептің шығарып болғасын, интербелсенді тақтада есептің шығарған жолы көрсетіліп, жұптар қателескен жерін ой бөлісіп талдайды.
2. Әдісі: « Конверттегі тапсырма » Әр оқушылардың жұбына тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма. Тотығу дәрежелері бойынша келесі қосылыстардың формулаларын құрастырыңдар.
А) фосфор (V) оксиді;
А) азот (ІІ) оксиді;
Ә) алюминий бромиді;
Ә) алюминий хлориді
Б) магний хлориді
Б) кальций нитриді
Дескриптор: 1. Атау бойынша формула құрастыра алады;
2. Элементтің тотығу дәрежесін таба алады: