Тапсырма 1:Сайыстың кезеңдері:
І. «Білгір болсаң, тауып көр»
ІІ. «Қызықты бестік»
ІІІ. «Адасқан әріптер»
ІҮ. «Сергіту сәті»
Ү. «Жүз бір жұмбақ»
І. Білгір болсаң, тауып көр”
1. Материяның ажырамас қасиеті ?
(қозғалыс)
2. Қарындашты өткір пышақпен және өтпес пышақпен бірдей күш түсіре отырып ұштасақ екеуіне бірдей қысым түсірдік деп айта аламыз ба?
(Өтпейтін пышақпен көбірек)
3. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады.
(диффузия)
4. Ньютонның 1867 ж. бүкіләлемдік
тартылыс заңын ашуына себеп болған не?
(алма)
5. Тұзды суда жұмыртқа бата ма?
(жоқ)
6. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде
жылдамдығын сақтау құбылысы?
(инерция)
7. . Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы ?
(ток)
8. «Инерция»-ның қазақша баламасы не?
(әрекетсіздік)
9. Электр заряды жоқ бөлшек?
(нейтрон)
10. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама?
(масса)
11. Сұйықтың буға айналу құбылысы?
(кебу)
12. Бірлік ауданға түсірілетін күш?
(қысым)
13. Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге
жердің тартылу күші әсер ете ме?
(иә)
14 . Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі?
(механикалық қозғалыс)
15. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын
сипаттайтын физикалық шама?
(жылдамдық)
ІІ.Қызықты бестік
Ғалымдар 20
Бүкіл әлемдік тартылыс күшін анықтаған ғалым?
И.Ньютон
Ғалымдар 30
Физика атауын ғылымға енгізген кім?
Аристотель
Ғалымдар 40
Заттардың бөлінбейтін өте кіші бөлшектерден тұрады деген ғалым?
Демокрит
Ғалымдар 50
Ең алғаш тәжірибені экспериментпен дәлелдеген ғалым
Г.Галилео
Формула 20
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы?
Q=cm(t2-t1)
Формула 30
Меншікті балқу жылуы?
λ=Q/m
Формула 40
Электр қозғаушы күш ?
Ꜫ=A/q
Формула 50
Ток күші?
I=q/t
Анықтама 20
Еркін электр зарядын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы?
Электр тогы
Анықтама 30
Өтізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да біруақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы?
Ток күші
Анықтама 40
Бір зат молекуласының екінші зат молекуласына енуі?
Диффузия
Анықтама 50
Будың сұйыққа айналу құбылысы?
Конденсация
Өлшем бірлік 20
Күштің өлшем бірлігі?
Ньютон(Н)
Өлшем бірлік 30
Қысымның өлшем бірлігі?
Паскаль (Па)
Өлшем бірлік 40
Ток күшінің өлшем бірлігі?
Ампер(А)
Өлшем бірлік 50
Электр қозғаушы күшінің өлшем бірлігі?
Вольт
Рүхани жаңғыру 20
Қазақстан Республикасының президиенті?
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Рухани жаңғыру 30
Абай жолын кім жазған?
М.Әуезов
Рухани жаңғыру 40
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге....
Кімнің өлең жолдарынан үзінді?
А. Құнанбаев
Рухани жаңғыру 50
Кел балалар оқылық
Өлеңін кім жазған?
Ы. Алтынсарин
ІІІ. «Адасқан әріптер»
1. Апермемтр- Амперметр
2. Уеркне- Кернеу
3.қсымы- Қысым
4. атқу-Қуат
5. ықтдығзы-Тығыздық
6. лунко- Кулон
ІҮ. «Сергіту сәті»
Көзге арналған жаттығулар
Көзді дем алдыру жаттығулары:
Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;
Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;
Көзді жұмып және оны қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.
Ү. «Жүз бір жұмбақ»
1. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны?
(Генератор)
2. Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып еді,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді.
(трансформатор)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат.
(кемпірқосақ)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды.
(көлеңке)
5. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді.
(компас)
6. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
(тоқ)
7. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды.
(масса)
8. Көкке қараған, жұлдыз санаған.
(телескоп)
9. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)
10. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан.
(энергия)
|