Сәлемдесу.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
.
Сабақтың басы 10 минут
Үй тапсырмасын тексеру: «Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады» әдісі 1. Түсірілген күшті түрлендіру үшін қолданылатын құралды атайды (Жай механизмдер дегеніміз не?) 2. Бұл шаманың өлшем бірлігі 1 Н*м (Күш моментінің өлшем бірлігіне қандай шама алынған?) 3. М=F•d формуласымен анықталады (Күш моментінің формуласы қандай?) 4. Өлшем бірлігі 1 Н (Күштің өлшем бірлігіне қандай шама алынған?) 5. Иіндік, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда (Жай механизмдердің түрлеріне не жатады?) ҚБ: Бірін бірі бағалайды, дұрыс жауаппен түзету жасайды.(Смайликтер арқылы бағалау.) Алдарындағы суреттер бойынша сабақтың мақсатын анықтау
Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
27 минут
Қолдану Тақырыбы: иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау
Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
1-тапсырма. Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру. Жұмыстың барысы: Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталау;
иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңдер;
иіндіктің сол айналу білігінен ℓ1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңдер. Тәжірибе жасап, иіндіктің оң жағына оны тепе –теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай ℓ2 ара қашықтықта ілуге болатынын анықтаңдар. Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңдар:
Масса, m1(г)
Иін, ℓ1(см) Күш, F1 (Н) Күш моменті, М1 (Н·м)
Масса, m 2 (г) Иін, ℓ2(см) Күш, F2 (Н)
Күшмоменті, М2 (Н·м)
М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңдар. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1-М2) олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу= (М1-М2): (М1+М2)/2·100%