Сабақ Неврология негіздері



Дата19.10.2022
өлшемі21,85 Kb.
#44200
түріСабақ
Байланысты:
ЖМ Шеткі энд жүйе. Әд.нұс.


2 САБАҚ Неврология негіздері

«Эндокринді жүйенің шеткі мүшелері. Қалқанша, қалқанша маңы безінің және бүйрекүсті бездерінің гистологиялық құрылысы мен эмбриональді кезеңдегі дамуы» тақырыбы бойынша «Жалпы Медицина» мектебінің 2курс студенттеріне арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ 
Сабақтың соңында студент:
1. Шеткі эндокринді жүйенің ағзадағы әр түрлі қызметтерді реттеуге қатысуын түсіндіре алатын болады.
2. Эндокринді жүйе бойынша ситуациялық есептерді шешуде өзінің білімін қоладан алатын болады.
3. Ақпараттық технологияның жаңа мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқыту және білім, біліктілік дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бастапқы дағдыларын игереді.
Әдебиеттер соның ішінде электронды әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Гистология, эмбриология, цитология. 6-шы басылым. Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина. Қазақ тіліне аударған Р.Ж. Есимова., К.Т. Нүрсейтова - М., ГЭОТАР-Медиа баспа тобы, 2014, 471-511беттер.
2. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Гистология, цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы. Алматы. «Эффект» баспасы, 2012, 150-156 беттер.
Қосымша:
1. Абильдинов Р.Б., Ергазина М.Ж., Юй Р.И. Толковый словарь основных гистологических терминов на казахском, русском и английском языках. Алматы, «ZAMANPRINT» баспасы, 2017, 122 бет.
2. Абильдинов Р.Б., Юй Р.И., Ергазина М.Ж., Аяпова Ж.О. Гистология, цитология және эмбриология бойынша атлас. Алматы, «Полиграфкомбинат» баспасы, 2015, 197 бет.
Электронды ресурстар:
1.https://elib.vsmu.by/bitstream/123/11341/1/Miadelets D_Gistologiia_tsitologiia_i_embriologiia_cheloveka_Ch-2_2016.pdf
2.Видео-материалдар көру:
  • YouTube: Гистология эндокринной системы 2:


Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
Өткен тақырыптар бойынша:
1. Секрециялық жасушалардың құрылыс ерекшеліктері, секреция механизмдері
2. Экзокринді және эндокринді бездер туралы түсінік.
3. Нейросекрециялық жасушалардың құрылысы.
4. Капиллярлардың құрылысы мен жіктелуі.
Сабақтың тақырыбы бойынша:
1. Қалқанша безінің құрылысы;
2. Қалқанша безінің құрылыс – қызметін атқаратын бірлігі;
3. Қалқанша маңы бездері. құрылысы, қызметі;
4. Бүйрек үсті безі, қыртысты және боз заты;
5. Диффузды эндокринді жүйе туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақты өткізу түрі: Бастапқы білім деңгейін анықтау (студенттерден жазбаша немесе ауызша сұрау), сабақтың тақырыбын №2 тәжірибелік дағдыларды көрсету арқылы талқылау.
Бақылау: бағалау – суммативті, бастапқы білім деңгейін бағалау, жазбаша немесе ауызша сұрау, №2 тәжірибелік дағдыларды көрсету (бағалау парағы бойынша) арқылы қойылады.
СОӨЖ тапсырмалары: Ситуациялық есептерді шешу, хаттаманы сапалы толтырып, суретін салу, микропрепарат пен үлгідегі гистологиялық құрылымын анықтап, сипаттау. ҚО кезінде кестені Moodle dis.kaznmu платформасында толтыру.
СОӨЖ бақылауы: бағалау – формативті, (кері байланыс түрінде, жақсартылуы мүмкін).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет