2 – мысал.
3х + 4у – 7 = 0 теңдеуіндегі у айнымалысын х айнымалысы арқылы өрнектеп мәндес теңдеуге түрлендір.
Шешуі.
4у = – 3х + 7
|
1- қасиетті пайдаланып, екі қосылғышты теңдеудің оң жағына көшіреміз
|
=-
|
2- қасиетті пайдаланып, теңдеудің екі жағын бірдей у – тің алдындағы коэффициентке, яғни 4 – ке бөлеміз.
|
у = - 0,75х + 1,75
|
3х + 4у – 7 = 0 теңдеуіндегі у айнымалысы х айнымалысы арқылы өрнектелді.
|
Тапсырмалар.
2х – 9у + 6 = 0 теңдеуіндегі х айнымалысын у айнымалысы арқылы өрнектеп мәндес теңдеуге түрлендір.
7х – 2у – 1 = 0 теңдеуінің үш шешімін тап.
Сілтеме:
Алдамұратова Т.А. және басқалары, «Математика», 6 сынып, 2-бөлім, Алматы «Атамұра», 2018
Әбілқасымова А.Е., Кучер Т.П., Жұмағұлова З.Ә. Математика, 6, Алматы: Мектеп, 2018
https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/6-synyp/eki-ajnymalysy-bar-syzyqtyq-tengdeu?mid=ee5b3e40-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
Әзірлеуші: Матаева К.О., М.Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейдің математика пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.
Скачано с www.znanio.ru
Достарыңызбен бөлісу: |