Эукариот генінің молекулалық құрылымы:
1.
Голдберга-Хогнесса бокс немесе ТАТА-бокс
транскрипция басталатын нүктеден
солға қарай 20 жұп нуклеотидтік қашықтықта орналасқан. Оның ұзындығы 7 жұп
нуклеотидке сәйкес келеді.
2.
ТАТА-бокстың
сол жағында
ЦААТ-бокс
деп аталатын нуклеотидтер жүйесі
орналасқан. Бұл жүйе транскрипцияның инициация процесіне қатынасады және
транскрипция басталатын нүктеден жоғары,сол жағында 70-80 жұп нуклеотидтер
аралығынан орын алады. Оның құрамында ГГТ/АЦААТЦТ нуклеотидтер жүйесі
бар.
3.
ГЦ-бокс немесе ГГГЦГГ жүйесі
,оның бір немесе бірнеше көшірмесі болады,ГЦ-
боксы транскрипция басталатын нүктеден солға қарай 80-және 100 –жұп
нуклеотидтер аралығында орналасқан.Бұл сайттардың ішіндегі активтілігі ең төмені-
ТАТА-бокс.
Геннің кодтаушы учаскесі
Бактериялар мен вирустардың гендерінде интрондар болмайды,митохондриялық ДНҚ
гендерінде интрондар сирек кездеседі.
Эукариоттық гендердің транскрипциясында алдымен гетерогендік ядролық РНҚ түзіледі. Оның
құрамында экзондармен қатар интрондар да болады. Түрлі гендердегі интрондардың ұзындығы
мен орналасқан жеті түрліше болып ауытқиды.
Төменгі сатыдағы эукариоттарда барлық гендерінің 95 % тек бір ғана ұзын экзонннан
тұрады,интрондары жоқ деуге болады.
Геннің қасиеттері
Дискреттілік
— гендердің араласпауы. Мендель зерттеулерінің тағы бір маңызы тұқым
қуалайтын факторлардың дискреттілігін дәлелдеуінде, яғни әрбір белгіге жеке тұқым
қуалайтын бірлік (ген) сәйкес келетіндігін дәлелдеуі. Мұндай тұқым қуалау типі кейінірек
моногенді
деп аталды. Белгінің тұқым қуалауының дискреттік сипаты гомологты
хромосомаларда орналасқан бір геннің екі аллельдерінің әртүрлі гаметаларға ажырауына
байланысты (гаметалардың тазалығы принципі).
Достарыңызбен бөлісу: