Сабақ Ортақ тақырып: Бөлімше Өзім туралы


ҚБ Оқушы дәптері сабақ



бет29/81
Дата11.04.2023
өлшемі441,99 Kb.
#81452
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81
ҚБ

Оқушы дәптері

    1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше:

Бізді қоршаған әлем
2.1. Жергілікті жерді бағдарлау.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бағдарлау дегеніміз не?

Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаттары

1.2.1.1 – жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • жергілікті жерде бағдарлай білудің маңызын түсінеді;

  • жергілікті белгілері бойынша көкжиек тұстарын бағдарлай алады.

Көптеген оқушылар:

  • негізгі көкжиек тұстарын атайды;

  • көкжиек дегеннің не екенін біледі.

Кейбір оқушылар:

  • бағдарлай білу қажетті болатын мамандықтарды атай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

ФТ. Мұғалім сабақтың басын ұйымдастырады.
– Сәлеметсіңдер ме, қымбатты балалар!
Қоңырау сыңғырлап, сабаққа шақырды,
Сабақта болыңдар зейінді, ақылды!
Табиғатпен дос болып, құпиясын білуге,
Үйреніңдер бақылап, жұмбақтарын шешуге.

Сәлемдеседі, сабақтың тақырыбымен танысады.













Мұғалім сабақтың тақырыбын
хабарлайды: – Бүгінгі сабақта үлкен әрі қызықты жұмыс күтіп тұр. Біз
бағдарлауды үйренеміз.










Ортасы

ФТ.Ұ Мұғалім әңгіме ұйымдастырады:
– Мектеп ауласы мен мектепте жақсы бағдарлай аламыз ба, соны қайталайық. Мен сендерге жұмбақтар жасырамын, сендер оларды шешіп, қайда орналасқанын айтып, оларға
жол сілтейсіңдер.

Әңгімелеседі.




Жұмбақтар






Мектеп маңын қоршаған
Балаларды қорғаған. (Мектеп дуалы)

Жұмбақтарды шешеді.







Ауласында мектептің Әдемі боп өседі.
Өсіп қана қоймайды, Күзде жеміс береді.
(Жеміс ағаштары)










Заттарыңды қалдырып, Сабағыңа барасың.
Үйге қайтар кезіңде
Қиындықсыз аласың. (Гардероб)










Ойшылдар мен білімпаздар мекені, Онда байлық ғасырларға жетеді. (Кітапхана)










Секіріп, жүгіріп, Жаттығу жасайтын,













Мектепте жайлы орын, Денсаулықты шыңдайтын.
(Спортзал)

Сахнасында ән салып, Мереке өтетін Арнаулы орын бар,


Атын оның табыңдар. (Акт залы)

Үзілісте барамыз,


Ас мәзірін қараймыз.
Тамақтанып болған соң,
Сыныптарға тараймыз. (Асхана)

Денсаулықты тексеріп, Медбике апай жүреді. Арнаулы бір бөлме бар,


Балалар оны біледі. (Медкабинет)

– Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепте жақсы бағдар жасай аласыңдар. Бірақ көшеде, бейтаныс жерде қалай бағдарлауға болады?


ФТ. Мұғалім оқулық бойынша жұмыс ұйымдастырады.
Балалар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.

Оқушы дәптерімен


жұмыс. А. тапсырмасын орындау.

Оқулық бойынша жұмыс орындайды.





Тапсырма. Критерий А. Венгр сөзжұмбағын шешеді.
Дескриптор

  1. Венгр сөзжұмбағынан сабақ тақырыбына

қатысы бар сөздерді табады.

  1. Бір сөздің торларын бір түспен бояйды.



Тапсырма. Критерий
В. Сұрақтарға жауап береді. Бағыттаушы сызықтарға көкжиек

Оқушы дәптері


Оқулық








  • Айналаңды бағдарлау не үшін қажет?

  • Көкжиек дегеніміз не?

  • Көкжиектің қанша тұсы бар?

  • Көкжиек тұстарын білу не үшін қажет?

  • Қандай мамандық иелеріне көкжиек тұстарын білу қажет?

  • Көкжиек тұстарын қалай анықтайды?

  • Әр оқушы кез келген жерде, кез келген ауа райында тез әрі дұрыс бағдарлай білуі қажет. Оған

жергілікті жердегі белгілер (ерекше айқын белгілер) көмектеседі.
Жергілікті белгілерге ағаштар, құрылыстар және т.б. жатады.


Ж. Оқулықтағы суреттерді қарастырып, жергілікті белгілер бойынша бағдарлау туралы
қорытынды жасаңдар (оқушыларға экран арқылы көрсетуге болатын кесте ұсынуға болады).


ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.
Бір, екі, үш
Жинап алдық күш,

Суреттерге қарап, жергілікті белгілер бойынша бағдарлау туралы қорытынды


жасайды (оқушыларға экран арқылы көрсетуге болатын кесте ұсынуға болады).

Сергіту жаттығуын орындайды.



тұстарын жазады.
Дескриптор

  1. Сұрақтарды оқып, суреттерді қарастырады.

  2. Жергілікті белгілері бойынша көкжиек тұстарын қалай

анықтауға болатынын айтады.

  1. Жергілікті белгілерге қарап, бағдарлай білудің қажеттілігін айтады.

  2. Бағыттаушы

сызықтарға С.О. деп жазады.

  1. Өз жауаптарын негіздейді.



Тапсырма. Критерий С. тұсбағдардың суретін салып, оның не үшін қажет екендігін айтады. Дескриптор

  1. Әртүрлі дереккөздерден тұсбағдардың не

екендігін біледі.

  1. Тұсбағдар дегеннің не екендігін айтады.

  2. Тұсбағдардың суретін салады.

Суреттер








Қарлығаш боп ұш. Төрт, бес, алты,
Қарлығаш боп қалқы. Жеті, сегіз, тоғыз, он, Қарлығаш боп қон.
Соз қолыңды оң жаққа, Соз қолыңды сол жаққа,
Қолды айналдыр бұлданбай, Шеңбер жасап тұрғандай.










Енді сабаққа ораламыз (балалар парталарына отырады).
Ж. Мұғалім оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды тексеруді
ұйымдастырады.

Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Оқушы дәптері

Соңы

ФТ. Рефлексия

  • Сабақта біз нені үйрендік?

  • Бүгін қандай сұрақтарға жауап бердік?

  • Жаңадан нені білдік?

  • Ол үшін біз не істедік?

  • Сабақта не ұнады?

  • Сабақтағы жұмыстарыңа баға беріңдер.

Үйренгендерімен бөліседі.

ҚБ







«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындау.
Аталғандардың ішінен таңдайды.
ҚБ. – Жарайсыңдар, балалар!
Барлықтарыңа сабақтағы
жұмыстарың үшін алғыс айтамын!

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындайды. Сабақтағы өз жұмысына баға береді. Белсенді
жұмыс істедім. Жақсы жұмыс істедім. Бұдан да жақсы жұмыс істеуге
болушы еді.




Оқушы дәптері

    1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше:

Бізді қоршаған әлем
1.3. Менің атамекенім

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып:1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің туған өлкем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. – өз мекенжайын атау және елді мекеніңнің географиялық орналасқан жерін сипаттау;

        2. – өзің тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Қазақстанның картасынан өз елді мекеніңнің орналасқан жерін тауып;

  • өз елді мекеніңнің әсем жерлерін атап;

  • «Біздің Отанымыз – Қазақстан» және «Менің туған өлкем» түсініктерінің айырмашылығын айтып, түсіндіре алады.

Көптеген оқушылар:

  • өз қаласы немесе ауылын сипаттап, олардың көрікті жерлері туралы айтып береді;

  • өз жауаптарын өмірден алған мысалдармен бекітеді; оқулық мәтінінен алған ақпараттарды пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

  • туған өлке туралы сурет көрсетілімдерін даярлайды;

  • өзі тұратын көшенің тарихы бойынша шағын зерттеу жүргізетін болады.

Сабақтың барысы

Сабақтың
кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Жұмысқа оң психологиялық көңіл күй қалыптастыру.
Сәлемдесу:

  • Қайырлы таң, Күн! (Барлығы қолдарын көтеріп, түсіреді).

  • Қайырлы таң, аспан! (ұқсас қимыл)

  • Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын жайып, сосын түсіреді)

Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.
Сәлемдеседі:

  • Қайырлы таң, Күн! (Барлығы қолдарын көтеріп, түсіреді).

  • Қайырлы таң, аспан!

(ұқсас қимыл)
















– Қайырлы таң, бәрімізге!
(барлығы қолдарын жайып, сосын түсіреді).







Ортасы

Мұғалім: – Халықта «Отансыз адам – армансыз бұлбұл» деген сөз бар.
Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз сабақта не туралы айтатын боламыз?
(«Болжам» әдісі)
Мұғалім: – «Отан» сөзі әр тілде түрліше айтылады: орыс тілінде – Родина, ағылшынша – Motherland.
Біз өмір сүріп жатқан ел қалай аталады? Қазақстан Республикасы – біздің үлкен Отанымыз. Біз осында туып-өсіп, өмір сүрудеміз. Біздің еліміз өте әсем және
бай. Қазақстанның аумағы батысында – Каспий теңізінен, шығыста – Алтай тауларына дейін созылып жатыр (картадан көрсету). Үлкен Отаннан өзге әр адамның туған өлкесінің не екенін
білетін боласыңдар. Бүгін сабақта не туралы сөз болады?


Ұ. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады:

  • өз мекенжайыңды атап және өз қалаңның (ауылыңның) географиялық жағдайына сипаттама бере білу;

  • өз елді мекеніңдегі басты көшені, үйлер мен көрнекті жерлерді сипаттай білу.

  • Балалар! Отанымыз – Қазақстан Республикасы бойынша саяхатымызды бастаймыз!

Отанымыз – Қазақстан Республикасы бойынша саяхатты бастайды.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.















Біздің Республикамыздың аумағында астық өсіріп, малшаруашылығымен айналысатын, кен өндіретін көптеген облыстар мен ауылдар, қалалар бар.
– Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер?
Ал бұл қалалар несімен бай? Мұны қазір «Тауып көр» ойынын ойнағанда білетін боламыз.
Мына суреттерде не бейнеленген және олар қай қалалармен байланысты?
Алматы – алма; Қарағанды – көмір; Қызылорда – күріш; Шымкент – мақта; Петропавл – бидай; Атырау – мұнай.


Мұғалім: – Балалар! Біздің Отанымыздың қаншалықты қуатты және әсем
екендігіне көз жеткіздіңдер. Саяхатымызды карта бойынша жалғастырамыз. Қазақстанның
картасынан өздерің тұратын қаланы, ауылды табыңдар. Бұл елді мекен Қазақстанның қай облысында орналасқан? «Оқушы дәптерін» ашыңдар.


Ж. Оқушылар А. тапсырмасын «Оқушы дәптерінде» орындайды. Олар мұғалімнің көмегімен өздері тұратын елді мекеннің Қазақстанның қай
бөлігінде (батысында, шығысында,

Оқушылар: Шымкент, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Атырау қалаларын атайды.


Алматы – алма; Қарағанды – көмір; Қызылорда – күріш; Шымкент – мақта; Петропавл – бидай; Атырау – мұнай.

Қазақстанның картасынан өздері тұратын қаланы, ауылды табады.


А. тапсырмасын «Оқушы дәптерінде» орындайды.




Тақтада Қазақстанның физикалық картасы


Алма, көмір, күріш, мақта, бидай, мұнай бейнеленген суреттер.


Оқушы дәптері









солтүстігінде, оңтүстігінде немесе орталығында) орналасқанын
анықтайды.

«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырмасын орындаңдар. Сөйлемді аяқта.


Мұғалім: – Адам тұрып жатқан қаланы, ауылды туған өлке деп атайды. Тақтаға
«Менің туған өлкем» негізгі сөздерін жазады. Осы негізгі сөздерді жұптасып талдаңдар.

  1. «Менің» («Менің» деген сөздің мәні не?)

  2. «Туған өлке» (неге «Туған өлке»?)

  3. «Отан» (Отан деп нені атаймыз?)



Ж. Оқушылар жауаптарының нұсқалары:
Менің – бұл жерде менің отбасым, менің достарым, менің үйім, менің көшем, менің мектебім сияқты мағынада қолданылады.
Туған өлке – бұл біздің кең-байтақ Отанымыздың шағын бөлшегі.
Отан – бұл мен туып-өскен және менің жүрегіме жақын адамдар өмір сүретін жер.

Оқулықта шағын Отан туралы не айтылғанын оқиық. Мәтінді оқып, бір-


бірлеріңе жұптасып сұрақтар қойыңдар («Өзара сұрақтар» тәсілі).

«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырмасын орындайды. Сөйлемді аяқтайды.


Менің – бұл жерде менің отбасым, менің достарым, менің үйім, менің көшем, менің мектебім сияқты мағынада қолданылады.
Туған өлке – бұл біздің кең- байтақ Отанымыздың шағын бөлшегі.
Отан – бұл мен туып-өскен және менің жүрегіме жақын адамдар өмір сүретін жер.

Оқушылар оқулықтың туған өлке туралы мәтінін оқиды.





Оқулық








Ж. Мұғалім: – «Отан» сөзі – қасиетті сөз. «Отан – отбасынан басталады»
деген нақыл сөз бар. Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-
туысқандарымен жақындарымен тұратын атамекені.

«Идеялар қоржыны» тәсілі.


Жапсырмаға туыстар шеңберіне кімдер жататынын жазып, тақтада суреті салынған кәрзеңкеге жапсырыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет