тіршілік қауіпсіздігінің негізін түсінетін болады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Мұғалім сабақты бастайды. Көптен күткен қоңырау
Сыңғырлаған бір сәті Өсу-өрлеу жолында Шәкірт үшін бір саты!
Мектебім – айтар әнім. Сан рет қайталадым, Өзіңнен алғанымды Өзіңе қайтарамын.
– Бүгінгі сабағымыз «Мектепке баратын жол» тақырыбына арналған. Біз өзіміз білетін жол жүру тәртібін еске түсіріп, жол белгілерімен танысамыз. Жолда
кездесетін қауіптер туралы, олардан қалай құтылуға болатыны туралы әңгіме қозғаймыз.
Бүгінгі сабақта:
«Мектепке баратын жол» тақырыбымен танысады.
Ортасы
ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады.
– Сабақты ережелерді қайталау мен графикалық диктантты орындаудан бастаймыз. Шартты белгілерді тақтадан көріп тұрсыңдар:
– Сабақты ережелерді қайталау мен
графикалық диктантты орындаудан бастайды.
ҚБ
Тақтада шартты белгілер:
Қызыл дөңгелек – жоқ. Жасыл дөңгелек – иә.
Иә – жасыл дөңгелек, жоқ – қызыл дөңгелек, білмеймін – боялмаған
дөңгелек.
Ж.– Жаяу жүргінші жолдың көлік жүретін жолымен жүреді (жоқ).
Мәшинелер – көлік жүретін жолмен жүреді. (Иә)
Жаяу жүргінші көшеден
бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтеді. (Иә)
Егер қателерің болса, қызыл түсті карточканы көтеріңдер.
Балалар жеке парақтармен жұмыс істейді.
Үлгі бойынша өз бетінше тексереді.
Боялмаған дөңгелек – білмеймін.
Әр оқушыда алдын ала дөңгелектер салынған парақ және қызыл,
жасыл түсті белгі – карточкалар.
Дәптермен жұмыс.
ФТ. Мұғалім оқулық бойынша жұмыс ұйымдастырады.
Мұғалім мәтінді оқиды. Сұрақтар бойынша талқылаулар:
Жол қозғалысына қатысатындар кімдер?
Жолда қандай ережелерді сақтайсың?
Жолда кездесетін қауіптен қалай сақтану керек?
Дәптермен жұмыс
ФТ. Мұғалім сергіту сәтін
ұйымдастырады. Мұғалім қызыл дөңгелекті көрсетеді. Балалар қозғалмай бір орында тұрулары керек. Мұғалім сары дөңгелекті көрсетеді. Оқушылар алдымен солға, содан соң оңға бастарын
бұрады. Мұғалім жасыл дөңгелекті көрсетеді. Балалар бір орында тұрып адымдаулары керек. Мұғалім бағдаршам белгілерін ауыстырған сайын оқушылар да тиісті қозғалыстар көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс.
ФТ. – Балалар, сендер жаңа ғана жол қозғалысының басты көмекшісінің белгілеріне
қарадыңдар. Ол көмекшіні қалай атайды?
Ол туралы не білесіңдер, айтыңдар.