Түркі мемлекеті, Құтлық, Тоныкөк, Күлтегін, күрес, тәуелсіздік
Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
менің ойымша, өмірмен байланыстыратын болсам.
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Орхон - Енисей» ескерткіштері, «Күлтегін » жырының бүгінгі ұрпақ үшін құндылығы неде?
Құндылықтарға баулу:
Елдің тарихы мен әдебиетін құреттеу, ынтымақтастық, татулық
Пәнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, қазақ тілі
Алдыңғы білім: 5 минут
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы өткен сабақты пысықтау
ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы 7мин
Суреттер ойынша 3 топқа бөлу.
«Ой шақыру» стратегиясы
Әбір топ берілген сурет бойынша білетін ақпараттарын айтады. Тақырыпты ашады.
Жетелеуші сұрақтар:
- Суреттерде кімдер көрсетілген?
Суреттер
Ортасы
ЖЖ. «Тұжырым картасы» стратегиясы.
Жырдағы кейіпкерге мінездеме беріп, жырдан дәлел келтір.
Кейіпкер
Мінездеме
Жырдан дәлел
Тоныкөк
Білге қаған
Күлтегін
Дескрипторлар:Кейіпкерлерге талдау жасай алады
Өзіндік тұжырымын білдіреді
ҚБ. Саусақ қимылдары арқылы
ТЖ. «Венн» диаграммасы арқылы « Күлтегін », «Алпамыс батыр » жырларындағы басты кейіпкерді құндылық тұрғысынан салыстырып, жырдан мысал келтіріп дәлелде.
Ж. Жырдағы кейіпкерлерді бүгінгі өмірдегі тұлғалармен байланыстырып сыни пікірде эссе жаз.
Дескриптор: Жырдағы кейіпкерлерді өмірдегі тұлғалармен байланыстырады.
Сыни пікірін білдіреді.
Эссе нормасын сақтайды.
ҚБ. Мадақтау сөздері арқылы.
Оқулық
Оқулық
Соңы 13мин
Кері байланыс. «Орхон - Енисей» ескерткіштері, «Күлтегін » жырының бүгінгі ұрпақ үшін құндылығы неде? деген сауалға 5-6 сөзбен пікір білдір.
Рефлексия «Үміт» ағашы
Қосымша ақпарат
Орхон ескерткіштері, «Күлтегін» жыры туралы қосымша ақпарат іздеп келу.
Рефлексия. Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
Мен бүгінгі сабағымда оқу мақсаты мен сабақ мақсатына жеттім деген ойдамын. Себебі оқушылар сабақ барысында белсенділік танытып, жаңа сабақты жақсы игерді. Жырдағы кейіпкерлерді тауып, оларға жекелеген мінездеме беріп, жырдан дәлел келтірді. Жеке жұмыс барысында жырдағы кейіпкерлерді бүгінгі өмірдегі тұлғалармен байланыстырып, сыни пікірде эссе жазды. Оқушылардың эсселері талапқа сай, нормалары орындалған. Әрбір тапсырма сабаққа сай, белгіленген уақыт мөлшерінде жүзеге асырылды.