Сабақ оқуға да уақыт табатыныңа мен сенемін. Көбейту кестесін 2-ден 10-ға дейін жаттау



бет6/13
Дата06.01.2022
өлшемі38,46 Kb.
#16797
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Әжесінің немерелері

Саят пен Самат әжесін жақсы көреді. Оларға әжесі қызықты ертегі айтып береді. Саят дүкеннен әжесіне сүт, нан, май әкеліп береді. Самат әжесінің бөлмесін жинайды. Үшеуі саябаққа жиі барып тұрады. Онда олар демалады. Балалар әжесіне саябаққа барғанда таяғын алдырмайды. Өздері әжесінің екі жағынан қолтықтап жүреді. Үйде әжей бос отырмайды. Немерелеріне тақия тігіп береді. 



Кезекші

Бүгін Асқар мен Сара сыныпта кезекші еді. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келеді. Алдымен парталарды реттеп қойды. Асқар еденді салқын сумен жуып шықты. Сара парталардың үстін  дымқыл шүберекпен сүртті. Терезелердің алдын да сүртіп шықты. Терезелерді ашты. Тақтаны сулы шүберекпен сүртті. Түрлі – түрлі борларды дайындап қойды. Балалар өз міндеттерін ұқыпты орындады. 



Жаз

 Балалар жаздың келуін асыға күтті. Оқу жылы аяқталды. Олар жазғы демалысқа шықты. Балалардың көбі лагерьге кетті. Лагерь таудың көркем жеріне орналасқан. Балалар лагерьде түрлі ойындар ұйымдастырады. Олар саяхатқа да шығып тұрады. Балалар демалыстарын көңілді өткізді. 



Нөсер

    Жаздың ыстық кезі еді. Бір топ бала тоғайға жуа теруге шықты. Айнала қараңғы болып кетті. Жел тұрды. Кешікпей нөсер жаңбыр басталды. Найзағай жарқылдады. Балалар үлкен ағаштың түбіне паналады. Ағашта құстың ұясы бар екен. Онда бес – алты жұмыртқа жатыр. Кенет жаңбыр басталды. Күн жарқырап шықты. Балалар жуа іздеуге кірісті.  (47 сөз).



Көктем

   Күн жылынды. Қар ери бастады. Түнде салқын. Күндіз жылы. Көктем басталды. Жылы жел соқты. Ауылда тракторшылар жер жыртып жатыр. Қорада мал төлдеп жатыр. Кеше күн күркіреді. Енді дала шөбі көтерілді. Жыл құстары келе бастады. Бақшада көкеніс егілді. Бақша жеміс ағаштарының түбі босатылды. Ағаштардың қураған бұтақтары кесілді.  (46 сөз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет