Сабақ оқуға да уақыт табатыныңа мен сенемін. Көбейту кестесін 2-ден 10-ға дейін жаттау



бет9/13
Дата06.01.2022
өлшемі38,46 Kb.
#16797
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ыстықкөл

  Ыстықкөлдің ұзындығы – жүз отыз шақырым. Көлдің суы жылы. Ол қыс бойы қатпайды. Сондықтан оны Ыстықкөл деп атаған. Көлді жағалай жүздеген демалыс үйлері, санаториялар салынған. Жазда бұл жағалауда мыңдаған адам демалады. Ыстық көлге біздің еліміздің барлық аумағынан адамдар келіп жатады. Тіпті көптеген шетел азаматтарыда келеді.   (44 сөз).



Аюлар

  Суық солтүстікте ақ аюлар өмір сүреді. Ақ аюлар сексен градус суыққа шыдамды. Жылы жақтағы ақ аюлар алты ай ұйықтайды. Қоңыр, қара аюлар қыс бойы ұйқыда болады. Аққулар үш жүз жылға дейін өмір сүреді. Тау қыраны жүз елу, жүз жетпіс жылға дейін өмір сүреді екен. Жүз градус суыққа шыдайтын үйрек пен қаз ғана. Бүркіт күн көзіне тура қарай алады.  (63 сөз).



Жылқы

   Жылқы - өте сүйкімді, ақылды мал. Жылқы ыстыққа да, суыққа да шыдамды. Көп жерлерде жылқы қыс бойы далада жайылады. Жылқыны адам көлік ретінде пайдаланады. Жылқыны арбаға жегеді. Оның арқасына ер тоқым салады. Сонан кейін оған бала да, үлкендер де мінеді. Жылқының етін жейді. Оның қылынан арқан еседі. Сүтінен қымыз жасайды. (50 сөз).



Сиыр

   Сиыр – төрт түлік малдын бірі. Сиырдың сүті – тілінде. Қазақтың ақбас сиырының орташа салмағы – бес жүз он бес килограмм. Олар жылына төрт мың литрге дейін сүт береді. Сиырдың сүтінен май, ірімшік, айран жасайды. Сиырдың етін жейді, сүтін ішеді.  (37 сөз).



Түйе

  Түйенің мойны ұзын. Екі өркеші бар. Құйрығы қысқа болады. Түйенің өркешіне кісілер отырады. Түйе күшті мал. Оны арбаға жегуге болады. Түйе шөлге шыдамды. Адам түйенің етін жейді. Сүтінен шұбат жасайды. Түйенің сүті қою және тоқ болады. Түйе жүні ең бағалы жүн болып саналады. Онда қымбат маталар тоқылады. Матадан польто, костюм тігеді.  (51 сөз).



Қой

   Аса пайдалы малдардың бірі – қой. Қой адамға әрі тамақ, әрі киім болады. Қойдан ет, май, сүт, жүн, тері алынады. Қойдың сүтінен айран, ірімшік, май, құрт жасайды. Қойдың жүнінен мата тоқиды. Матадан қымбат киімдер тігеді. Қойдың терісінен бас киім, тон тігеді. Қой етінен шұнық, сүрленген еттер жасайды.  (47 сөз).



Үй құстары

  Қаз, үйрек, тауық, түйетауық – үй құстары. Үй құстарының еті дәмді болады. Құс етін пісіріп те, қуырып та жейді. Олардың жүндерінен мамық жасайды. Мамықтан жастық жасайды. Үй құстарының жүні жеңіл, жұмсақ болады. Үй құстарының жұмыртқасы пайдалы.  (36 сөз).



Кішкентай Алмас

  Алмас мектептен шықты. Ол сабақтан соң үйге келе жатты. Алмас әжені көрді. Ол жолмен ақырын басып келе жатты. Әженің бір қолында таяғы бар. Ал екінші қолында суы тола шелек. Алмас жүгіріп барып әженің шелегін алды. Ол әжені үйіне дейін апарып салды. Шелек толы суын әженің үйіне кіргізіп берді. Әже алғыс айтты.  (52 сөз).



Автобуста

Автобус тоқтайтын аялдама. Автобус келіп тоқтады. Кәрі әже автобусқа мінді. Оның қолында сумкасы бар. Автобуста бос орын жоқ еді. Алдыңғы жақта отырған Әсет орнынан тұрды. Ол өз орнына әжені отырғызды. Әже Әсетке рахмет айтты. Автобуста отырған адамдарға Әсеттің үлкен кісіні сыйлағаны ұнады.  (42 сөз).

 

Қонжық

 Аюдың  қонжығы ағашқа шықпақшы болды. Ағаш үйдің жанында өсіп тұр еді. Қонжық алдымен шарбаққа шықты. Одан үйдің төбесіне шықты. Содан кейін ағаштын бұтағына жармасты. Ол бұтақтан ұстап алып тербетілді. Бұтақ аюдың баласын көтере алмады. Бұтақ сынады. Абдың баласы биіктен жерге құлап түсті.  (42 сөз).



Менің досым

  Менің Жанат деген жолдасым бар. Жанаттың ағасы – ұшқыш. Оның аты – Марат. Марат Жанатты да, мен де жақсы көреді. Ол бос уақыттарында бізбен қыдырады, бізге өзінің көргендерін айтады. Бір күні Жанат Марат екуімізді аэродромға ерітіп апарды. Біз онда Мараттың жолдасы Ахметпен таныстық. Ахмет те ұшқыш.  (45 сөз).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет