Операциялық немесе технологиялық немесе зерттеу құзырлығының компоненті – бұл педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажет болатын субъектінің зерттеу қызметін орындауға қабілетінің жиынтығы. Жалпы мақсаты біздің болашақ педагогтың зерттеушілік құзырлығын дамыту системасында оның кәсіптік әр түрлі типтегі зерттеу жұмыстарындағы шешуге қабілетін қалыптастыру. Осы жалпы мақсатты құраушысы болып (екінші кезеңнің мақсаты) кәсіптік педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарының тиімді шешімін қамтамасыз ететін компоненттерді жүйелеу кезеңіне дайындау болып табылады. Келесі қадам жалпы мақсаттың декомпозициясы біздің системада нақты белгіленген зерттеу жұмыстарын шешуге дайындығы бойынша жасап шығару. Ұйымдастыру формасының қызметтік типінің арасында негізгі рөл алған ойын технологиялары арқылы жүргізілді. Зерттеу кезінде методикадағы ерекшеліктері бойынша олардың ұйымдастырулары заттық, рөлдік, имитациялық және іс-қағаздық кәсіби-қызметтік білім беру (танымдық, тренинктік), дамытушылық және коммуникативік ойындар қолданылды.