Сабақ Педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістері және педагогикалық зерттеудегі логика



бет4/6
Дата13.04.2022
өлшемі20,72 Kb.
#30946
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Тәжірибені оқытупедагогикалық зерттеудегі, дәстүрлі кең қолданылатын тәсіл. Ол тарихи және қазіргі мектептегі педагогтардың өз қызметтерінде белгілі бір оң нәтижелерге жеткен кездегі практикалық тәжірибеге анализ жасау мен оқытуға негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда педагогикалық теория мен практикаға арналған тұрақты, нақты  ережелермен сипатталатын оның әдіс-тәсілдеріне басты назар аударылады. Тәжірибелік оқыту мен тәрбие – педагогиканың негізгі мақсатының ілгері алға дамуына әкеледі.  Бірақ дәл осындай педагогикалық әдістер ғылымнан тыс қалып қойса, оларға анализ жасалмайды және ол теориялық негізсіз, олар ғылымда практикада кең қолданысқа ие болмайды. Бұдан байқайтынымыз, тәжірибені оқыту – жалпы педагогикалық ғылымның дамуына зор үлес қосатын, педагогикалық зерттеулердегі өте маңызды, нәтижелі әдіс. Мектептік құжаттама мен қызметтердің нәтижелілігін оқыту болашақта білім алушыларға көптеген маңызды байланыс орнатуға және алдыңғы уақытта оқыту жоспары мен ақпараттарды  құрастыруға әсерін  тигізеді. Берілген әдістегі негізгі мәлімет көздеріне сынып журналы, дәріс мазмұндары, сабақ кестесі, педагогтардың сабаққа арналған жоспарлары жатады. Аталған материалдарды оқи отырып оқу процесінің ұйымдастырылуының оқушылардың үлгеріміне және денсаулығына әсерін, үлгерім бағасының ролін, оқу материалдарының мазмұнын оқушылардың шығармашылық белсенділігімен салыстыруға болатындығымен анықтауға болады. Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішінде көп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі.


3. «Ғылыми зерттеудің компоненттері және зерттеу логикасы» конспект жасаңыз.

Ғылыми зерттеудің компоненттері және зерттеу логикасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет